«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Шілде 1, 2024

САЛҒЫРТТЫҚ САПАСЫЗДЫҚҚА ӘКЕЛЕДІ

Биыл Петропавлда 53 көше жөнделіп, 40-қа жуығына асфальт төселетіні жөнінде осыған дейін жазған едік. Бүгінгі таңда Ніл Болатбаев көшесінен бастап Шуховқа дейін жол жөнделуде. Жөндеу жұмыстарына мердігер “Гранит Север” 263 млн. теңге бағыттап отыр. Жөндеу жұмыстарының қарқыны мен сапасы мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында қолға алынған “Бюджеттік бақылау” акциясы барысында қаралды. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық” республикалық …

САЛҒЫРТТЫҚ САПАСЫЗДЫҚҚА ӘКЕЛЕДІ Read More »

Ауылдарды көркейтуге уағдаласты

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігі мен “Намыс”, “Ақселеу”, “Буденноек СК” және “Астық-Привольное” ЖШС басшылықтары елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытуға, сондай-ақ жеке инвестиция құюға белсене қатысуға арналған өзара түсіністік және ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Шаруашылықтар қабылдаған 49 міндеттеме бойынша 1,6 млрд. теңге мөлшерінде инвестиция тарту белгіленген. Қос тараптық құжатта елді мекендерді абаттандыру, жолдарды жазғы және қысқы маусымдарда …

Ауылдарды көркейтуге уағдаласты Read More »

ОҢ ӨЗГЕРІС БАР

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына барып, шаруашылықтарды аралады, еңбек ұжымдарымен кездесті. Благовещенка ауылында орналасқан бірнеше кәсіп иелері мал шаруашылығымен жүйелі түрде айналысып келеді. Солардың бірі – “Екпін-2002” шаруа қожалығы асыл тұқымды еділбай қойын өсіреді. Қожалық директорының орынбасары Өмірсерік Әбиевтің айтуынша, Шопан ата түлігі 2016 жылы Батыс Қазақстан облысының Бірлік ауылынан сатып алыныпты. …

ОҢ ӨЗГЕРІС БАР Read More »

Темекі қымбаттап, несие беру талабы қатаяды

1 шілдеден бастап елімізде бірқатар өзгерістер болады. Солардың бірқатарын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік. Дәрі-дәрмектер таңбаланады Шілде айынан бастап дәрі-дәрмектер таңбаланып, препараттың сыртқы қорабына “Data Matrix” атты арнайы коды енгізіледі. Жаңа қосымшаның көмегімен кез келген тұрғын дәрі-дәрмектің шығу тарихымен толық танысу мүмкіндігіне ие бола алады. Ол үшін смартфонның камерасын қосып, препаратта көрсетілген кодқа өтсе, тауар …

Темекі қымбаттап, несие беру талабы қатаяды Read More »

“Менің жолымды ашқан Мағжан”

Алаштың ең аяулы перзенттерінің бірі Мағжан Жұмабаевтың ғұмырнамасын зерттеген қызылжарлық қаламгерлерді атағанда тізімнің басында жазушы-журналист Жарасбай Сүлейменовтің тұрары сөзсіз. Өзгесін айтпағанда оқырман қауымға “Мағжан” энциклопедиясын сыйлаған қаламгердің бұл еңбегі тұтас ғылыми институттың жұмысына пара-пар. Оның сыртында жазған зерттеулері мен құрастырған кітаптары бір төбе. Жуырда жазушы өзі көптеген еңбектеріне арқау еткен ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың есімін …

“Менің жолымды ашқан Мағжан” Read More »

САЛМАҚТЫ АСЫРҒАНДАРҒА — АЙЫППҰЛ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы жыл басынан бері 2 мыңнан астам көлікті тексеріп, 475 әкімшілік іс қозғады. Ведомствоның міндеті – қозғалыс қауіпсіздігін арттыру және автомобиль жолдары желісінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бақылауды жүзеге асырады. Бұл жұмысты 3 жылжымалы бекет арқылы инспекцияның 11 маманы жүзеге асырады. “Жыл басынан бері барлығы 2095 автокөлік құралы тексерілді, …

САЛМАҚТЫ АСЫРҒАНДАРҒА — АЙЫППҰЛ Read More »

Монополистер бақылауға алынған

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыстық департаментінің басшысы Дамир Тоқтамысов алғашқы жартыжылдықты қорытындылады. Бүгінде департамент 53 табиғи монополия субьектісінің қызметін реттейді. Оның ішінде су жүйесі, электр энергиясы, жылумен қамту, жол салаларына қатысты ұйымдар бар. Биылғы жартыжылдықта департаментке мемлекеттік бақылау және реттеу бойынша 47 өтініш келіп түскен. Оның 22-сіне оң жауап …

Монополистер бақылауға алынған Read More »

Елдік пен бірліктің ұйытқысы

Қазақстан халқы ассамблеясы 1995 жылы 1 наурызда құрылған сәттен бастап өзіне жүктелген мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау, қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы …

Елдік пен бірліктің ұйытқысы Read More »

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов “AMANAT” партиясы облыстық филиалының ғимаратында азаматтарды қабылдады. Онда тұрғын үй бөлу, пәтерлерді жекешелендіру, дәмханалардың жұмыс уақытын шектеу, көпқабатты үйлердегі лифтілерді ауыстыру, әлеуметтік қолдау шараларын жақсарту сияқты мәселелер қозғалды. Чернобыль атом электр стансасындағы апатты жоюға қатысушылардың бірі – Ерік Бижанов қорғаныс істері жөніндегі департаментіндегі кеңсені жалға алу мәселесіне көмектесуді сұрады. Қазіргі уақытта …

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Read More »

Мегажоба жүлдесі – Махамбетәліде

Өткен демалыс күні “Хабар” арнасының тікелей эфирінде “Бес жұлдыз” мегажобасының жеңім­пазы анықталды. Көрерменнің көзайымы болған жобаның ақтық сынына 16 қатысушы жолдама ал­ған. Өнер бәйгесінде өңір намы­сын жас әнші Махамбетәлі Әбілда қорғады. Алғашқы бағдарламада ол тә­лімгері Маржан Арапбаевамен бірге ән шырқап, бірінші шығары­лымның жеңімпазы атанды. Сәкен Майғазиев бастаған сарапшылар әншінің дарынын жоғары бағала­ған. Бірнеше ай бойы …

Мегажоба жүлдесі – Махамбетәліде Read More »

Үй жануарларына қамқорлық

“KAZ Minerals” мыс компаниясы Петропавлда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың үй жануарларын өз қамқорлығына алды. Мысықтар мен иттерді қауіпсіз жерге көшіруді “Мейірімді планета” жеке қайырымдылық қоры ұйымдастырған. Аталған қайырымдылық қор­дың жетекшісі Татьяна Муха­медзяно­ваның айтуынша, 150 ит пен 50 мысық тілсіз жаудан құтқарылған. Үй жануарлары­ның көп бөлігі бос ғимараттарға орналастырылып, оларды ерік­ті­лер мен қайырымды қала тұр­ғындары …

Үй жануарларына қамқорлық Read More »

Парамен ұсталды

Облыстық полиция департа­менті госпита­лінің бастығы Ол­жас Есенеев пара алу кезінде қолға түсті. Әлеуметтік желілерде тара­ған хабарламаға қарағанда 300 мың теңге мөлшерінде қаржы боп­салаған көрінеді. Ұлттық қа­уіпсіздік комитеті мен полиция де­партаментінің өзіндік қауіп­сіз­дік басқармасының қызмет­кер­лері 30 маусым күні пара алып жат­қан жерінде құрықта­ған. Ақ­парат облыстық полиция депар­та­менті тарапынан раста­лып отыр. “Солтүстік Қазақстан облыс­тық полиция департаментінің өзіндік …

Парамен ұсталды Read More »

Естіліп үні Абайдың тұрар әр қырдан

Ұлылық тұнған Шыңғыс атырабы, Абай елі, ұлылар мекені, топырағы мен өзегіндегі тарих – шежіре, жыр-дастан. Замана хикаяттардың қай-қайсысы да қазақтың бас кітабы – “Абай жолын” айналып өте алмайды. 46 жыл ұстаздық еткен саналы ғұмы­рымда Абай бастаған ұлылар мекенін бір көрудің сәті биылғы жылдың маусым айында түсті. Үш күндік сапарымыз сәрсенбінің сәті­нен басталды. Бүгінгі күннің жеңіл, …

Естіліп үні Абайдың тұрар әр қырдан Read More »