«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов “AMANAT” партиясы облыстық филиалының ғимаратында азаматтарды қабылдады.

Онда тұрғын үй бөлу, пәтерлерді жекешелендіру, дәмханалардың жұмыс уақытын шектеу, көпқабатты үйлердегі лифтілерді ауыстыру, әлеуметтік қолдау шараларын жақсарту сияқты мәселелер қозғалды.

Чернобыль атом электр стансасындағы апатты жоюға қатысушылардың бірі – Ерік Бижанов қорғаныс істері жөніндегі департаментіндегі кеңсені жалға алу мәселесіне көмектесуді сұрады. Қазіргі уақытта қоғамдық бірлестіктің өкілдері 100 мың теңгеге дейін жалдау ақысын төлеуге мәжбүр.

“Бұл баға – біз үшін тым қымбат. Барлық жұмысты өз қаражатымызға атқаратындықтан жұмсалатын шығын көп”, – дейді ардагер.

Ғауез Торсанұлы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына төлемді азайту немесе кеңсені тегін беру жайын қарастыруды тапсырды.

“Ностальжи” дәмханасының маңында тұратын тұрғындар аталған мекеменің жұмыс кестесін ыңғайластыруды өтінді. Себебі араққа сылқия тойып алғандар түн тыныштығын бұзып, маза бермейтін көрінеді.

Өңір басшысы бұл мәселені орынбасары мен “AMANAT” партиясының өңірлік филиалына пысықтауды жүктеді. Мәжіліс депутаттарына түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінің жұмыс уақытын заң жүзінде қысқарту туралы ұсыныс жолдау арқылы ғана проблеманы реттеуге болатыны айтылды.

Қабылдауға келушілердің бірі “Дәрігер үйіндегі” пәтерлерді жекешелендіру мәселесін алға тартты.

Облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдарға азаматтарды қабылдауда көтерілген мәселелерді шешу үшін нақты ұсыныстар енгізіп, орындалуын қадағалауды міндеттеді.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“AMANAT” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp