«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Парамен ұсталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департа­менті госпита­лінің бастығы Ол­жас Есенеев пара алу кезінде қолға түсті.

Әлеуметтік желілерде тара­ған хабарламаға қарағанда 300 мың теңге мөлшерінде қаржы боп­салаған көрінеді. Ұлттық қа­уіпсіздік комитеті мен полиция де­партаментінің өзіндік қауіп­сіз­дік басқармасының қызмет­кер­лері 30 маусым күні пара алып жат­қан жерінде құрықта­ған. Ақ­парат облыстық полиция депар­та­менті тарапынан раста­лып отыр.

“Солтүстік Қазақстан облыс­тық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сот­қа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде”, – деп хабарлады об­лыстық полиция департа­мен­ті­нің баспасөз қызметі.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp