Облыстық полиция департаменті госпиталінің бастығы Олжас Есенеев пара алу кезінде қолға түсті.
Әлеуметтік желілерде тараған хабарламаға қарағанда 300 мың теңге мөлшерінде қаржы бопсалаған көрінеді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері 30 маусым күні пара алып жатқан жерінде құрықтаған. Ақпарат облыстық полиция департаменті тарапынан расталып отыр.
“Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде”, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өмір ЕСҚАЛИ,
“Soltüstık Qazaqstan”.