«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Темекі қымбаттап, несие беру талабы қатаяды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1 шілдеден бастап елімізде бірқатар өзгерістер болады. Солардың бірқатарын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Дәрі-дәрмектер таңбаланады

Шілде айынан бастап дәрі-дәрмектер таңбаланып, препараттың сыртқы қорабына “Data Matrix” атты арнайы коды енгізіледі. Жаңа қосымшаның көмегімен кез келген тұрғын дәрі-дәрмектің шығу тарихымен толық танысу мүмкіндігіне ие бола алады. Ол үшін смартфонның камерасын қосып, препаратта көрсетілген кодқа өтсе, тауар жайлы толық ақпарат шыға келеді. Яғни “Дата Мартикстың” көмегімен тауардың қайда, қашан шыққаны жайлы егжей-тегжейлі оқи аласыз.

Тұтынушылар үшін ең тимді тұсы – осы арқылы дәрінің мемлекет бекіткен бағасын көруге мүмкіндік бар. Бұған дейін ол мүмкін болмаған еді. Сөредегі бағада айырмашылық байқалса, шағымдануға әбден болады. Себебі нарықта дәрі-дәрмектерге арнайы бекітілген баға қойылады және бағаны көтеруге кәсіпкерлерге заңмен тыйым салынған.

Темекі қымбаттады

Елімізде темекі, сондай-ақ папирос, сигарилла және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы көтерілді.

Қаржы министрлігі бұйрығының жобасы “Ашық НҚА” сайтында жарияланды. Онда 20 (жиырма) фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға: 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін 820 теңге, ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 870 теңге болады делінген.

Зейнетақы жарналарын төлеу ережелері

Еңбек және әлеуметтік қор­ғау министрлігі міндетті зей­нетақы жарналарын, міндетті кә­сіптік зейнетақы жарналарын, жұ­мыс берушінің міндетті зей­нет­ақы жарналарын төлеу жө­нін­дегі қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Үкі­меттің қаулысын дайындады.

Бұл талап Әлеуметтік ко­декстің 38-бабының ережелері­не сәйкес келеді. Оған сәйкес МЗЖ, МКЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ агенттер ұсынатын жеке тұл­ғалардың тізімдері негізінде ашылады. Бұдан басқа, МКЗЖ ау­дару кезінде қателер анық­тал­ған жағдайда, сондай-ақ оны БЖЗҚ-ға уақытылы аударма­ған кезде өсімпұл төлеу және бере­шекті өндіріп алу тәртібі мен мер­зімдері көзделген.

Қарызын кешіктіргендерге несие берілмейді

Енді қарызын 90 күннен ас­там уақыт кешіктіргендер тұты­ну­шылық несие мен микрокре­дит алу құқығынан айырылады. Мұн­дай шектеу жақында қа­был­дан­ған “Қазақстан Республика­сы­ның кейбір заңнамалық акті­ле­­ріне кредит беру кезінде тәуе­келдерді барынша азайту, қа­рыз алушылардың құқықтарын қор­ғау, қар­жы нарығын реттеуді жә­не атқа­рушылық іс жүргізуді же­тілдіру мәселелері бойынша өз­герістер мен толықтырулар енгі­зу туралы” Заң аясында қам­тыл­ған. Алайда қарызды қайта қар­жы­ландыруға бұл тыйым жүр­мейді.

Екі жылдық мораторий

1 шілдеден бастап өндіріп алушыларға несие беруге екі жыл­дық мораторий енгізіледі. Бұл кезеңде кредиторлар мерзі­мі өткен несиелерді өндіріп алу­шыларға бере алмайды. Несие­лері инкассаторларға бекітілген қарыз алушыларды қолдау үшін 2024 жылдың қазан айынан бас­тап инкассаторлардың бере­шек­ті өтеу рәсімдерін жүргізу мін­деттемесі енгізіледі.

Сонымен қатар қарызы кол­лекторларға берілген қарыз алу­шыларды қолдау үшін коллек­тор­­­ларға жеке тұлғалардың сатып алынған кредиттері бойын­ша бе­решекті реттеу рәсімдерін жүргі­зу міндеті енгізілді. Азамат­тар­дың жаңадан басқаға беріл­ген кредиттері бойынша мора­то­рий аяқталғаннан кейін кол­лек­тор­лар азаматтардың бо­рыш жүк­­темесін азайту үшін есептел­ген және тө­ленбеген сыйақыны есеп­­тен шы­ғаруға мін­детті бола­ды.

Дайындаған

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp