«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.07.2024

ЖЕМІСТІ ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫС

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ет импорттаушылар мен экспорттаушылар клубының президенті Ма Гуаншэн бастаған Қытай ет қауымдастығының делегациясымен кездесті. Көрші елдің делегациясы Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің VII отырысына қатысты. Бұл кездесу ШЫҰ саммитін­де екі мемлекеттің басшыла­рының арасындағы келісімдер­ге қол жеткізуге бағыттал­ған Қытай Халық Республика­сымен екіжақты ынтымақтас­тықты дамыту аясында өтті. Кездесуде өзара тиімді ын­тымақтастық мәселелері тал­қыланып, ауыл шаруашылығы …

ЖЕМІСТІ ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫС Read More »

ШАТТЫҚҚА БӨЛЕГЕН “ШАНШАР”

Қызылжар аудандық Мәдениет үйінде елге белгілі “Шаншар” әзіл-сықақ театрының концерті өтті. 1994 жылы құрылған өнер ұжымының астарлы әзілін, уытты қойылымдарын тамашалауға келгендердің қатары қалың болды. – Көктемгі су тасқыны еліміз­дің біраз өңірін әбігерге салды. Халқымыз табиғи апатты ауыз­біршілігінің арқасында жеңіп шық­ты. Зардап шеккен жан­дарға қаржылай көмектескен жомарт жандар аз болмады. Қамкөңіл жамағаттың көңілін көтеру мақсатында …

ШАТТЫҚҚА БӨЛЕГЕН “ШАНШАР” Read More »

Жүлде үшін таласады

ХХХІІІ Париж жазғы Олимпиада ойындарында семсер­ле­сушілер жекелей және командалық сайыста тартысқа түседі. Ұлттық құрама бапкерлері Париж Олимпиадасына кімдердің баратынын жария етіп, тізімді түзді. Шпагамен семсерлесуден жекелей сында Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Ва­дим Шарлаимов жүлде үшін та­ласады. Жекелей сында додаға қосылмайтын Ерлік Сертай ко­мандалық сайыста құрама са­пын нығайтады. Ерлер құрамасы әлем кубо­гы кезеңдерінде олжа салып әлем­дік …

Жүлде үшін таласады Read More »

Он үш жылға сотталды

Бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған Петропавл қа­ла­сы­ның 39 жастағы тұрғыны син­те­тикалық есірткі сататын интер­нет-дүкендердің бірінде жұмыс істеді деген күдікпен ақ­пан айын­да ұсталған болатын. Интер­на­ционал көшесіндегі оның тұрғы­лықты мекенжайын­да және По­танин көшесіндегі өзі есірткі жа­сырған орыннан тәртіп сақшы­лары салмағы 230 грамм “ме­федрон” және “α-PvP” синтети­калық есірткілерін тәркіледі. Қала тұрғыны наркология­лық орталықта есепте тұр. Ол бұл есірткілерді …

Он үш жылға сотталды Read More »

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: “Шанхай” — мемлекетаралық қатынастардың тиімді тетігі”

Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті. Іс-шара басталарда делегация басшылары Беларусь Республикасын Ұйым құрамына қабылдау және оған ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы шешімге қол қойды. Жауапты мемлекетаралық қатынас Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйлеп, бүгінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы достық, тату көршілік, теңқұқықтық жəне өзара қолдаудың, яғни …

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: “Шанхай” — мемлекетаралық қатынастардың тиімді тетігі” Read More »

“Бірлікте” тағы да қоныстой

Облыс орталығындағы “Бірлік” шағынауданында тағы 51 отбасы жаңа үйдің иесі атанды. Бұл үйлер басқа меценаттар сынды Мемлекет басшысының үндеуін қолдаған “Қазақмыс” корпорациясының қаржысына салынды. Осылайша корпорация 100 үйдің құрылысын қаржыландырды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен корпорацияның басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев Бауыржан Амиров, Александр Михайленко және Сергей Тараденковтың шаңырағына барып, қоныстоймен құттықтады. Бүгінгі таңда “Бірлік” шағынауданында …

“Бірлікте” тағы да қоныстой Read More »

Заманауи кітапхана

Қала салу тек – бүгінгі күннің игі­лігі ғана емес, алдағы жүздеген жылдарға жоспар құрып, болжам жасау деген сөз. Бүгін таңдай қақтырып, қол соқтырған ғимарат күні ертең сәннен шығып, тасада қалмауы керек. Бой көтерген ны­сандар алдағы уақытта да тұрғындардың көзін қуантып, қала мәдениетінің үлгісі болып тұруы шарт. Сондықтан да Аста­наның құрылысына әлемдегі үздік архи­текторлар мен ірі …

Заманауи кітапхана Read More »

Жастарға шабыт берген

Астана еліміздің бас қаласы атанғаннан кейін қазақтың игі-жақсыларының, зиялыларының көпші­лігі осы қалаға қо­ныс аударды. Олардың келуімен жаңа қалада ғылым, білім, мә­дениет да­мыды. Жазушы, ақын, ғалымдардың қайнаған ор­тасы қалыптасты. Солардың ішін­де Фариза Оңғарсы­нова­ның шығармашылығы да, өр тұлғасы да бөлек. Менің ар­манымның орындалуына да себепші болған Фариза Оңғарсы­нова шығармашылығы еді. Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар, шоқтығы биік …

Жастарға шабыт берген Read More »

ЕРКЕ ЕСІЛДІҢ БОЙЫНА ЕЛ ҚОНДЫРҒАН…

Жер бетінде “менікі” деп айтар меншікті жері, қор­ғай­тын шекарасы, айбарлы астанасы жоқ қаншама ұлт бар. Өз алдымызға ел боламыз деп арпалысып жүріп жо­ға­лып кеткендері қаншама? Кейде маған қазаққа Құ­дай­дың өзі қарасатындай көрінеді. Ұлтымыз қанша қырғын мен қасіреттен аман өтіп, ақыры азаттығын жария­лап, жеке дара шаңырағын көтерді. Аз ғана уақыттың ішінде әлем таңдана қарайтын астанасын салды. …

ЕРКЕ ЕСІЛДІҢ БОЙЫНА ЕЛ ҚОНДЫРҒАН… Read More »

Мәшһүр Жүсіп ғибратнамасы

Ұлтымыздың дана перзенттерінің бірі – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Ағартушы, шежіреші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, көрнекті ақын, ойшыл, рухани қайраткердің бітім-болмысы, шығармашылық мұрасы зерделеніп біткен жоқ. Халықтың оны көзі тірісінде-ақ “әулие” атауы – өз алдына бөлек зерттеуді талап ететін тақырып. Ғұмырын халқының бақытты болашағы жолына сарп еткен тұлғаның өмірін зерттеген ғалымдардың бірі жерлесіміз – Серік Негимов. …

Мәшһүр Жүсіп ғибратнамасы Read More »

Атаның жолын қуған ұл

“Талант тұқым қуалайды” деген сөз бар. Шынында да қанға сіңген өнердің ғұмыры өлшеусіз. Өңірімізде ата жолын қуып, ұрпақ сабақтастығын әрі қарай жалғастыруды мұрат еткен өнерпаз жандар аз емес. Солардың бірі – домбырашы Диас Думанұлы. Домбырашы, облысымыздың құрметті азаматы Серікбай Құсайынов немересін 5 жасынан бастап, домбыраға баулыған. Диас алты жасқа толар-толмастан Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық …

Атаның жолын қуған ұл Read More »