«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Бірлікте” тағы да қоныстой

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы “Бірлік” шағынауданында тағы 51 отбасы жаңа үйдің иесі атанды. Бұл үйлер басқа меценаттар сынды Мемлекет басшысының үндеуін қолдаған “Қазақмыс” корпорациясының қаржысына салынды. Осылайша корпорация 100 үйдің құрылысын қаржыландырды.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен корпорацияның басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев Бауыржан Амиров, Александр Михайленко және Сергей Тараденковтың шаңырағына барып, қоныстоймен құттықтады.

Бүгінгі таңда “Бірлік” шағынауданында 151 отбасы жаңа үйге қоныстанды. Тағы 549 үй салынып жатыр, олардың құрылысы кестеге сәйкес аяқталады. Жұмыс сапасына құрылыс компаниясы мен техникалық бақылау комиссиясы тікелей жауапты. Құрылысшылар жаңа үйлерге екі жыл кепілдік береді. Сондықтан ақаулар анықталса, осы жайтты ескерген жөн.

Сонымен қатар баспананы сатып алу жұмыстары да жалғасуда. Бүгінгі таңда зардап шеккен 605 отбасы пәтер кілтін алды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp