«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жүлде үшін таласады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ХХХІІІ Париж жазғы Олимпиада ойындарында семсер­ле­сушілер жекелей және командалық сайыста тартысқа түседі. Ұлттық құрама бапкерлері Париж Олимпиадасына кімдердің баратынын жария етіп, тізімді түзді.

Шпагамен семсерлесуден жекелей сында Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Ва­дим Шарлаимов жүлде үшін та­ласады. Жекелей сында додаға қосылмайтын Ерлік Сертай ко­мандалық сайыста құрама са­пын нығайтады.

Ерлер құрамасы әлем кубо­гы кезеңдерінде олжа салып әлем­дік рейтингте алдыңғы лек­тен көрініп, Париж жазғы Олим­пиадасының жолдамасын ие­ленді. Жігіттер соңғы жаттығу жиынын Испанияның Алмейра қаласында Еуропа мен Азия­ның тегеурінді командала­ры­мен бірлесіп өткізбек.

Кейінгі жылдары семсер­ле­сушілердің нәтижесі жақсарып келеді. Руслан Құрбанов был­тыр әлем чемпионатының қола медалін олжалап, семсерлесу спортынан әлемдік аламанның жүлдесін алған алғашқы спорт­шы атанды. Отыз жылдың ішінде әлем чемпионатының жүлдесі бізге бұйырмай келгенді. Былтыр еліміздің ерлер командасы әлем кубогында топ жа­рып, жазғы Олимпиаданың жол­дамасын иеленді.

Әйелдер сынында Әйгерім Сарыбай ел сенімін арқалайды. Біріккен Араб Әмірлігінде өткен лицензиялық турнирде Париж жазғы Олимпиадасының жол­дамасын еншілеген еді.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp