Бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған Петропавл қаласының 39 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткі сататын интернет-дүкендердің бірінде жұмыс істеді деген күдікпен ақпан айында ұсталған болатын. Интернационал көшесіндегі оның тұрғылықты мекенжайында және Потанин көшесіндегі өзі есірткі жасырған орыннан тәртіп сақшылары салмағы 230 грамм “мефедрон” және “α-PvP” синтетикалық есірткілерін тәркіледі.
Қала тұрғыны наркологиялық орталықта есепте тұр. Ол бұл есірткілерді интернет-дүкеннен алғаннан кейін жеке тұтыну үшін өзіне қалдырғанын айтқан.
Қала тұрғынының іс-әрекетінде қайталап қылмыс жасау белгілері байқалған. Сот оны есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеумен бірге 13 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.