«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Он үш жылға сотталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған Петропавл қа­ла­сы­ның 39 жастағы тұрғыны син­те­тикалық есірткі сататын интер­нет-дүкендердің бірінде жұмыс істеді деген күдікпен ақ­пан айын­да ұсталған болатын. Интер­на­ционал көшесіндегі оның тұрғы­лықты мекенжайын­да және По­танин көшесіндегі өзі есірткі жа­сырған орыннан тәртіп сақшы­лары салмағы 230 грамм “ме­федрон” және “α-PvP” синтети­калық есірткілерін тәркіледі.

Қала тұрғыны наркология­лық орталықта есепте тұр. Ол бұл есірткілерді интернет-дү­кен­нен алғаннан ке­йін жеке тұтыну үшін өзіне қал­дырғанын айтқан.

Қала тұрғынының іс-әрекетінде қайталап қылмыс жасау белгілері байқалған. Сот оны есірткіге тәуелділіктен мәжбүр­леп емдеумен бірге 13 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp