«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІЛШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президенттің Жарлығына сәй­кес облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстың бір топ журналисіне мемлекеттік наг­радалар табыс етті. “Qу­zуl­jar” телеарнасының бас ре­дакторы Ақерке Қабыкеева, “Ха­бар” телеарнасының опе­рато­ры Төлеген Иманов, “Qa­zagstan Media” ақпараттық пор­талының корреспонденті Свет­лана Дроз­децкая “Ерен еңбегі үшін” ме­далімен марапат­тал­ды. “МТРК” телеарнасының та­қырыптық бағдарламала­ры­ның редак­торы Әлия Икам­баеваға “Ақпа­рат саласының үздігі” төсбелгісі табысталды. Өңір басшысы мемлекеттік наградаларға ие болған жур­налистерді құт­тық­тап, шығармашылық табыс тіледі.

Марапат алған “Qуzуljar” телеарнасының бас редакторы Ақерке Қабыкеева журналис­тика саласында жиырма жыл­дан астам еңбек етіп ке­ле­ді. Еңбек жолын облыс­тық те­леарнада редактор бо­лып бас­таған ол кейіннен “Qa­zaqstan” ұлттық телеарнасының облыс­тағы меншікті тілшісі бо­лды.

– Биыл бұл салаға келгеніме 21 жыл толды. Кәрібай Мұсыр­ман, Нәзира Құрманкина секілді белгілі журналистердің мектебі­нен өттім, шыңдалдым. Өзіме артылған міндетті жауапкерші­лікпен орындауға тырыстым. Бүгін еңбегімнің еленіп жатқа­нына қуаныштымын. Телеарна – ұжымдық жұмыс. Бір минуттық материал көрерменге жетпес бұрын қаншама маман еңбек­тенеді. Сол себепті бұл марапат қарашаңырақ –“Qуzуljar” теле­арнасының жұмысына берілген лайықты баға деп есептеймін, – дейді Ақерке Дәуренбекқызы.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp