«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Қарасай” қайта жаңғырмақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында “Қарасай” стадионын жаңғыртудың екінші кезеңі басталды. Оның барысын облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тексерді.

Былтыр жылыту және суару жүйесі бар жасанды алаң, жаңа жарықтандыру жүйесі, электронды табло және дыбыс қондырғысы орнатылды.

Биыл батыс және шығыс трибуналар жөнделіп, трибуна астындағы ғимарат, киім ауыстыратын және санитарлық бөлмелер жаңартылады. Батыс трибунаның үстіне жанкүйерлерді жаңбырдан қорғайтын шатыр орнатылады. Сонымен қатар командалар ортадан шығатын болады.

Бұдан бөлек, орындықтар мен жүгіру жолағы ауыстырылады. Шығыс трибунада БАҚ өкілдеріне арналған орындар пайда болып, әкімшілік ғимарат салынады. Автотұрақ пен стадион аумағын абаттандыру да назардан тыс қалмайды.

“Қайта жөндеуден кейін “Қарасай” стадионы УЕФА талаптарына сай болып, Петропавлда еурокубок ойындарын өткізуге мүмкіндік береді. Футболшылар мен жанкүйерлер үшін қолайлы жағдай жасалады. Жалпы бұл жұмыстың арқасында өңірімізде футбол кеңінен насихатталып, жаңа деңгейде дамитын болады”, – деді өңір басшысы .

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp