«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОСЫМША СУ ЖЕЛІСІ САЛЫНАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тасқын кезінде зақым келген бірінші көтергіш сорғы стансасында болды. Бұл станса 1974 жылы пайдалануға берілген. Қазір су тасқыны кезінде зақымданған стансаны қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. “Kazminerals” компаниясының қаржысына сорғы қондырғысы ауыстырылады. Жөндеу жұмыстарына 70-ке жуық адам жұмылдырылған. Қажетті құрал-жабдықтар Еуропадан әкелінеді.

– Жөндеу жұмыстарын қараша айына дейін аяқтау үшін өндірушіден алдымен бір сорғыны жіберуін сұрап жатырмыз. Қалған қажетті құрал-жабдықтар мерзіміне сәйкес келеді. Жоба екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезең – бұл негізгі дайындық, яғни тазалау, жалпы жөндеу жұмыстары. Ал екінші кезең құрылғының жеткізілуіне байланысты басталады, – дейді “QAZAQ SERVICE COMPANY” ЖШС-ның басшысы Әлібек Серіков.

Жөндеу жұмыстарын алдағы қазан айында аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ жергілікті бюджеттен сорғы стансасын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 3,5 шақырым жер асты кабель желісі тартылады. Станса айналасындағы бөгет те нығайтылмақ. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта жоба дайын. Арнайы кабель бір-екі күнде Павлодардан жеткізіледі.

Биылғы су тасқыны қосымша су желісінің қажет екенін көрсетті. Ойқаладағы сорғы стансасын қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

“Биылғы су тасқыны кезіндегідей Петропавл уақытша негізгі су құбырынсыз қалса, резервтік станса балама ретінде тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етеді”, – деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі ресми парақшасына.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp