«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңіріміздегі өндіріс орындарында алты айдың ішінде 14 келеңсіз жайт орын алып, 17 адам зардап шегіп, 2 кісі қаза тапқан. Көңілге кірбің ұялататын жағдайдың бірі “Чистотел” серіктестігінде тіркелген.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының бөлім басшысы Азат Бейсембиннің айтуынша, қайғылы жағдайлардың себебін анықтаумен айналысқан арнайы комиссия келеңсіз оқиғалардың еңбекпен байланысты екендігін анықтаған. Өндіріс орнында болатын келеңсіз жайттар көп жағдайда жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауынан және қауіпсіздік шараларының тиісті деңгейде сақталмауынан туындайды. Бұған жуырда ғана Мағжан Жұмабаев ауданында болған оқиға дәлел. Ер адам жұмыс барысында жарақат алып, салдарынан қолына ауыр зақым келген.

– Осыған қатысты жүргізілген тергеу жұмысы аяқталып, жұмысшы мен жұмыс берушінің қаншалықты кінәлі екендігі анықталды. Осы орайда тоқтала кететін жайт, жыл басынан бері жергілікті кәсіпорындарда 176 тексеріс жүргізіліп, Еңбек кодексін бұзуға қатысты 121 факті анықталды. Тексеріс қорытындысы бойынша нұсқамалар берілді, – деді Азат Бейсембин.

Жалпы инспекция тарапынан алты айдың ішінде солтүстікқазақстандық жұмыс берушілерге олқылықты түзету бойынша 67 нұсқама берілген болса, 60-тан астам лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 11 млн. теңгеден астам айыппұл салынған.

Еңбек инспекторлары өндірістік жарақаттың алдын алу мақсатында еңбек ұжымдарымен кездесіп, тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізуде.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp