«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАТЫРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлют ауданына қарасты Меңгесер ауылында XVIII ғасырда өмір сүрген Абылай ханның сенімді серіктерінің бірі болған, жоңғар, қалмақ басқыншыларына қарсы күрескен Айтбай батырдың рухына арналып ескерткіш тақта орнатылды.

Аталмыш ескерткішті орнатуға батырдың ұрпақтары ұйытқы болды. Бұл шараға облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің де үлес қосқанын айта кеткеніміз жөн. Ел басына күн туған қиын-қыстау заманда толарсақтан саз кешіп, жауға қарсы айбынды күш көрсеткен Айтбай батырдың есімін ұлықтау мақсатында ұрпақтары жұдырықтай жұмылып, ата-баба рухына тағзым етті. Тарихқа құрмет батыр баба есімін ұлықтаудан басталатынын айтқан ұрпақтары жерлес жауынгерлердің ерлігін өскелең ұрпақ білуі тиіс екенін атап өтті.

Бұл шарадан тағылым алған полиция қызметкерлері де Айтбай батырдың өрлігі мен ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі екенін жеткізді.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp