«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПСИХИКАЛЫҚ АУРУҒА ШАЛДЫҚҚАНДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы екі жылда елімізде психикалық ауруға шалдыққандардың саны артқан. Петропавлдағы психикалық денсаулық орталығында “Психикалық денсаулық қызметін жетілдіру” бойынша конференция өтті. Оған елімізде психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығының президенті Сағат Алтынбеков қатысты.

Іс-шара барысында аталған саладағы маман тапшылығы мәселесі сөз болды. Тиісті мамандар Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарына қажет. Ал Шығыс Қазақстан, Атырау және Абай облыстары жақсы көрсеткіштермен көзге түскен. Медицина саласы мамандарының айтуынша, соңғы бес жыл ішінде жағдай едәуір жақсарған. Ауылдарда болмаса, ірі қалаларда кадр тапшылығы жоқ.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Сағат Алтынбековтің айтуынша, соңғы жылдары синтетикалық есірткіге тәуелділер саны бес есе артқан. Мұның салдарынан психикалық аурулар белең алыпты. Бұл біздің елге ғана емес, әлемге ортақ мәселе болып отыр.

– Адамдар мұндай дертке түрлі себеппен шалдығуы мүмкін. Бірақ оның алдын алуға және салдарымен күресуге болады. Науқас медициналық көмекке уақытылы жүгінуі тиіс. Ауру саны көп тіркелген елді мекендердегі көрсеткішке қарап, басқа өңірлерде сырқаттанғандар жоқ деп ойлау қате. Себебі тұрғындардың басым бөлігінің ауруы дер кезінде анықталмай жатады, – деді Сағат Алтынбеков.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp