«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.07.2024

Атқа міну адамды қанаттандырады

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің агротехнология факультетінің 1 курс студенті Мария Патошкина Астана қаласында өткен “Жамбы ату” республикалық федерациясы кубогының солтүстік өңірлік кезеңінде жүлделі екінші орынға ие болды. Жарыста шеберліктің жоғары деңгейін көрсеткен шабандозбен болған әңгімені оқырман қауымның назарына ұсынамыз. – Жамбы атумен қашаннан бері айналысасың? Оған дейін басқа спорт түрлерімен шұғылданып көрдің бе? – …

Атқа міну адамды қанаттандырады Read More »

Cыры кетпеген шыныаяқ

Шұқыркөл (Ғабит Мүсірепов атындағы аудан) орта мектебі жанынан ашылған мұражай сөресінен жазушы, сыншы, әдебиет зерттеушісі Айқын Нұрқатовтың шыныаяғы мен табақшасын кездестіруге болады. Мектеп директоры Құралай Базарованың айтуынша, 1991 жылы білім ордасына А.Нұрқатовтың есімі беріліп, қаламгердің мұражайы ашылыпты. Сыншы 1965 жылы дүниеден өткен соң інісі Арыстан Нұрқатов қаламгердің Алматыдағы үйінде сақталған барлық дүниесін мектеп әкімшілігіне табыстапты. Мамандар қазақ әдебиетінің …

Cыры кетпеген шыныаяқ Read More »

Кітап мерекесі

“Мен бойымдағы жақсы қасиеттерім үшін кітапқа қарыздармын” депті жазушы Максим Горький. Орыстың ескі ағаш үйінде туып, жасынан жетімдік, жоқшылық, ауру-сырқауды көп көрген даңқты жазушының тәлім алған мектебі де, оқыған университеті де кітап еді. Қаламгер айтып тұрған кітаптың “қарызын” өтеудің бір ғана жолы бар. Ол кітапты қолға алып оқу. Соңғы уақытта көркем әдебиеттің алдындағы осы бір …

Кітап мерекесі Read More »

Кестеге өрнектелген өнер

Жаз басталғалы қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары елуге жуық сенбілік өткізіп, Петропавл қаласы мен аудан орталықтарының маңайын қоқыстан тазартты. Бұл жолы өрендер облыс орталығындағы Ғабит Мүсірепов көшесінде орналасқан жазушы Ғабит Мүсіреповтің ескерткішінің маңайына жиналды. Бұл маңайда саябақ бар. Саябақта 4 орындық орналасқан. Әрқайсысының тұсында бір-бір қоқыс жәшігі тұр. Бұл жерде жергілікті тұрғындар жиі серуендейді. Бір-бірлерімен …

Кестеге өрнектелген өнер Read More »

Мотоблокты мас күйде жүргізген

Биылғы алты айда облыс жолдарында 176 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 16 адам қаза тауып, 244 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Жаз айларында жолдағы автокөліктер саны артады. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу мақсатында полицейлер “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Петропавл қаласының Побелянский көшесінде қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мотоблокты мас күйде …

Мотоблокты мас күйде жүргізген Read More »

Туған жер төрінде

Өңірдің қонысқа жайлы, та­би­ғаты сұлу, тарихы терең аймақтарының бірі – Шал ақын ау­даны. Қасиетті мекеннің жасыл даласы, өзен-көл, орман-тоғайы, тіпті қазақы қалпынан айны­маған ақжүрек халқы да бұл жердің ежелден қазақтың ән-жырына, асыл сөзіне бесік болған атырап екенін еске са­лып, көңілді ерекше әсерге бө­лейді. Кешегі жыраулар поэзиясы­ның соңы, жаңа заман әдебиеті­нің басы саналған Шал ақыннан бастап …

Туған жер төрінде Read More »

РҰҚСАТНАМА РЕЖІМІ ЕНГІЗІЛДІ

Бүгінгі сот жүйесі жаңаша қа­лыптасып, еліміздегі түбегейлі өзгерістермен бірге реформа­ланып келеді. Сол себепті бұл салада ілкімді істер, айтулы өз­герістер аз емес. Заңдық, кәсіби біліктілік тұрғысынан ғана емес, сот саласы материалдық, әлеу­меттік жақтан да ілгері қадам басты. Қазір жүйелі түрде жүр­гізіліп жатқан жұмыстар өз нә­тижесін беруде. Елімізде заң үстемдігін ор­на­ту тек құжат жүзінде ғана емес, ішкі …

РҰҚСАТНАМА РЕЖІМІ ЕНГІЗІЛДІ Read More »

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ӘУРЕГЕ САЛҒАН РӘСІМДЕР

Облыстық кәсіпкерлер палатасында импортталатын тауарларды міндетті сертифи­каттау және кеден төңірегіндегі мәселелер қаралды. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан көлік прокуроры, аға әділет кеңесшісі Тимур Шуленбаев, сондай-ақ облыстық экономикалық тергеу, мемлекеттік кірістер департаменттерінің, “Ресей темір жолы” акционерлік қоғамы және облыстық көліктік бақылау инспекциясының өкілдері қатысты. Жиында Тимур Шуленбаев мемлекеттік органдар мен ұлт­тық компаниялар тарапынан оз­бырлыққа тосқауыл қою арқылы инвесторлардың …

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ӘУРЕГЕ САЛҒАН РӘСІМДЕР Read More »

Балық өсіру — табысты бизнес

Қазақ жерінің астында да, үстінде де алуан түрлі табиғи байлық бар. Соның ішінде сұлулығына көз тоймас мөлдіреп жатқан көлдеріміздің жөні бөлек. Олардың әрқайсысы көлемімен, әсемдігімен, еліміздің экономикасы мен экожүйесі үшін маңызымен ерекшеленеді. Қызылжар өңірі көлдерінің көптігінен еліміз бойынша алдыңғы орында. Өңірде екі мыңнан астам көл бар. Олардың басым бөлігінде мөңке, тұқы, көксерке өсіріледі. Қазір күллі …

Балық өсіру — табысты бизнес Read More »

ЖАУАПТЫ САЛАНЫҢ ЖҮГІН АРҚАЛАҒАНДАР

Елімізде алғаш рет ве­теринария қызметкерле­рі күні атап өтілді. Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрлігінің бұйрығымен 10 шілде – ве­теринария қызметкер­ле­рі күні болып бекітілді. Рес­ми түрде бекітілген жаңа мереке жануарлар­дың ­сау­лығы мен олардан алына­тын өнім­дердің қауіп­сіз­дігін қамта­масыз етіп жүр­ген маман­дарға құрмет көрсетуге арналған. Атау­­лы күнге орай облыс­тық әкімдікте сал­та­натты іс-шара өтіп, өңір басшы­сы Ғауез Нұрмұхамбетов сала …

ЖАУАПТЫ САЛАНЫҢ ЖҮГІН АРҚАЛАҒАНДАР Read More »