«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кітап мерекесі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Мен бойымдағы жақсы қасиеттерім үшін кітапқа қарыздармын” депті жазушы Максим Горький. Орыстың ескі ағаш үйінде туып, жасынан жетімдік, жоқшылық, ауру-сырқауды көп көрген даңқты жазушының тәлім алған мектебі де, оқыған университеті де кітап еді. Қаламгер айтып тұрған кітаптың “қарызын” өтеудің бір ғана жолы бар. Ол кітапты қолға алып оқу. Соңғы уақытта көркем әдебиеттің алдындағы осы бір адами міндетімізді ұмыта бастағандай едік, бірнеше жылда кітап саласының кейін кеткен көші қайта түзеліп, ойлы, білімді ұлт қалыптастырудың қадамдары жасала бастағандай.

Бүгінде еліміздің әр қаласында өтетін кітап жәрмеңкелері мен фестивальдері осының дәлелі. Жастардың тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханаларға сұранысы да артып келеді. Ұлтымызды заманның небір кеселдертінен жазып, парасат биігіне бастайтын ең негізгі күш кітап болуы керек. Қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жастарды әдебиетке қызықтыру, қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау туралы өткір пікірлер мен оң ұсыныстар Мемлекет басшысынан бастап белгілі адамдардың аузымен айтылып жүр. Жуырда осындай бастамалардың бірі жүзеге асып, Ұлттық кітап күні пайда болды. Бұдан былай қазақстандықтар жыл сайын 23 сәуір күні Ұлттық кітап күнін атап өтетін болады.

Бүгінде Қызылжарда 300-ден астам кітапхана жұмыс істейді. Облыстың бас кітапханасында 700 мың кітап қоры бар. С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана “Қазақстан Республикасының үздік кітапханасы” атағына ие. Жаңа мереке аталған саланың бойына қан жүгіртіп, ойлы оқырманның көп болуына септессе игі.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp