Биылғы алты айда облыс жолдарында 176 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 16 адам қаза тауып, 244 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Жаз айларында жолдағы автокөліктер саны артады. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу мақсатында полицейлер “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.
Петропавл қаласының Побелянский көшесінде қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мотоблокты мас күйде жүргізген, көлік құралдарын жүргізуге құқығы жоқ 58 жастағы Жұмысшы кентінің тұрғынын тоқтатқан. Медициналық куәландыру жеңіл дәрежедегі мастықты көрсеткен. Жігітке қатысты хаттама толтырылды.
Жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы облыс бойынша көлік құралдарын мас күйде жүргізген 16 жүргізуші ұсталды. Жедел алдын алу іс-шарасы барысында жол қозғалысы ережесін бұзудың 571 дерегі анықталды. Оның ішінде белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырудың 160 фактісі, бұрын көлік басқару құқығынан айырылған 3 жүргізуші ұсталып, сондай-ақ жолаушылар мен жүктерді заңсыз тасымалдаумен айналысудың 2, жолдың белгіленбеген жерінен өтудің 82 фактісі тіркелді.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы.