Шұқыркөл (Ғабит Мүсірепов атындағы аудан) орта мектебі жанынан ашылған мұражай сөресінен жазушы, сыншы, әдебиет зерттеушісі Айқын Нұрқатовтың шыныаяғы мен табақшасын кездестіруге болады.
Мектеп директоры Құралай Базарованың айтуынша, 1991 жылы білім ордасына А.Нұрқатовтың есімі беріліп, қаламгердің мұражайы ашылыпты. Сыншы 1965 жылы дүниеден өткен соң інісі Арыстан Нұрқатов қаламгердің Алматыдағы үйінде сақталған барлық дүниесін мектеп әкімшілігіне табыстапты. Мамандар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі пайдаланған құнды жәдігерлерді көздерінің қарашығындай сақтап келеді.
– Көзкөргендердің айтуына қарағанда, Айқын Нұрқатов өзінің шыныаяғынан ғана шай ішкен екен. Сөредегі әр жәдігердің орны бөлек. Оқушыларға олардың тарихын айтудан жалықпаймыз, – дейді Құралай Базарова.
Самрат ҚҰСКЕНОВ,
“Soltüstık Qazaqstan”.