«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Судан келер қатер көп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Учаскелік полиция инспек­тор­лары Петропавл қалалық төтенше жағдайлар басқар­ма­сының қызметкерлерімен бірле­сіп Есіл өзенінің, Пестрое көлінің жағажайларында, сондай-ақ белгіленбеген шомылу орын­дарында рейдтер жүргізді.

Петропавл қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, по­лиция подполковнигі Айдын Ақ­мағамбетовтің айтуынша, суға шомылу кезінде әсі­ресе кәме­летке толмағандарға ерекше назар аудару керек. Өйткені оқудан босаған балалар жаз бойы уақыттарын өз бетінше өткізіп, су жағалап кетеді. Ал жұмысбасты ата-аналардың балаларды қадағалап отыруға мүмкіндігі жоқ. Бұл орайда по­лицейлер мен құтқарушылар суға түсуге құмар жастарға су­дың қаупін түсіндіріп, бақылауды күшейтеді. Тәртіп сақшылары ата-аналарға да белгіленбеген жерлерде шомылуға тыйым са­лынатынын, балаларын су жа­ғасында қараусыз қалдыр­мауды ескертті.

– Суға шомылушылардың көпшілігі – мас күйдегі ересек­тер. Олар мас күйде суға шо­мылудың адам өмірі үшін қауіпті екенін ескермейді. Десе де полицейлер түсіндіру жұмыста­рын жүргізіп, тәртіп бұзушыларға ескертулер жасап, нәтиже шы­ғармаған жағдайда айыппұл салуда, – дейді об­лыстық по­лиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Юрий Клыков.

Облыстық полиция департа­ментінің жергілікті полиция қыз­меті басқармасының ақпараты бойынша, шомылу маусымы бас­талғалы өңір аумағында орна­ласқан су қоймаларында 176 рейдтік іс-шара өткізілген. Шара барысында жалпы су пайда­лану ережелерін бұзудың қо­ғамдық орындарда мас күйде жүру немесе алкогольдік ішімдіктер ішудің 24 фактісі анықталған.

Құқық қорғаушылар жүргізген рейдтік іс-шараның мақсаты – суға шомылушылар арасында жазатайым оқиға­лардың, қоғам­дық орындарда мас күйде жүру­дің алды алу. По­лицейлер мен құтқарушы­лар­дың судағы қай­ғылы оқиға­лар­дың алдын алу және тәртіп бұзушы­лықтарды бол­дырмау бойынша бірлескен жұмыстары жаздың соңына дейін жалғасады.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp