«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көше кезген балалар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ювеналды полиция қызмет­керлері бұған дейін кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу міндеттерін орында­ма­ғаны үшін әкімшілік жауапкер­шілікке тартылған отбасыларға барып қайтты. Рейдке тәртіп сақшыларымен бірге облыстық мәслихат депутаттары, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл және қалалық білім бөлімінің өкілі қа­тысты. Ведомствоаралық рейд­тік топ Жұмысшы кентіндегі бір­қа­тар мекенжайларды тексерді. Тексерілген жеке үйлердің әр­қайсысында кішкентай балалар­ды тәрбиелеп отырған 40 жас­тан аспаған ата-аналар тұрады.

Облыстық полиция департа­менті жергілікті полиция қызметі басқармасы 15 шілдеден бастап өңірде “Түнгі қаладағы балалар” республикалық жедел-профи­лактикалық іс-шарасын өткізу­де. Оның шеңберінде облыс орталығында және аудандарда кәмелетке толмағандар ара­сын­дағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша тәулік бойғы рейдтер жандандырылды. Операцияның алғашқы тәулігінде облыс бо­йынша түрлі 48 құқық бұзушы­лық анықталды. Жыл басынан өңірдің ювеналды полицейлері 1540-тан астам рейдтік іс-шара өткізді. Нәтижесінде кәме­летке толмаған балалар­ түнде үйден тыс жерде және ойын-сауық орындарында жүргені үшін 1593 заңды өкіл жа­уапкершілік арқалады.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp