«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тайыншалықтар жеңісі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астанада 7-8 сынып оқу­шы­лары арасында баскетболдан жарыс өтті. Ұлт­тық мектеп лигасы ая­сын­да өткен додаға өңір коман­дасы да қатысты.

Облыс намысын тайыншалық баскетболшылар қорғады. Жер­лестеріміз барлық қарсыластарын шаң қаптырып, алтыннан алқа тағынды. Жақында туған жерге оралған спортшылардың құрметі­не аудандық Мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Жеңім­паздар мен жаттықтырушыларға ақшалай сыйақы табысталды.

Жалпы елімізде жыл сайын Оқу-ағарту министрлігінің ұйым­дастыруымен 5-11 сынып оқу­шылары арасында баскетболдан Ұлттық мектеп лигасы шеңберінде көп кезеңді жарыстар өткізу дәс­түрге айналған.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp