Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында баскетболдан жарыс өтті. Ұлттық мектеп лигасы аясында өткен додаға өңір командасы да қатысты.
Облыс намысын тайыншалық баскетболшылар қорғады. Жерлестеріміз барлық қарсыластарын шаң қаптырып, алтыннан алқа тағынды. Жақында туған жерге оралған спортшылардың құрметіне аудандық Мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Жеңімпаздар мен жаттықтырушыларға ақшалай сыйақы табысталды.
Жалпы елімізде жыл сайын Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 5-11 сынып оқушылары арасында баскетболдан Ұлттық мектеп лигасы шеңберінде көп кезеңді жарыстар өткізу дәстүрге айналған.
Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.