«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰРПАҚ АЗСА – ЕЛ ТОЗАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Гүл өссе – жердің көркі, қыз өссе – елдің көркі”, – дейді қазақ. Әйтсе де, уақыт өткен сайын біз­дің кейбір қыз-келіншектеріміз елдің көркінен гөрі, бәз-біреулердің ермек қылар ойыншығы­на айналып бара жатқандай.

Бұрын отандық жұлдызда­ры­мыз ашық-шашық киініп, әдеп­тен озса, елдің мазағына қа­латын. Ондайларды халық бо­лып қаралайтын. Ал қазір бұған етіміз әбден үйреніп кетті. Тіпті мән бермейтін жағдайға жеттік.

Қыздардың сахна емес, күн­делікті өмірде киетін киімдері де көңіл көншітпейді. Әсіресе, жаз маусымында көшеге шыққан кейбір қыз-келіншекке қарап, өзің ұяласың. Тым қысқа, ашық-шашық киіну қазақ қызына абы­рой әпермесі анық. Қазақ халқы қыз – болашақ ана, шаңырақтың ұйытқысы деп оның тәрбиесіне ерекше мән берген. Инабатты­лық, ибалық, тәрбиелілік, ұяң­дық қазақ қызының бойынан та­былса ғажап қой. Өкінішке қа­рай, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан, темекі шегіп, қалай бол­са солай киінетін бойжеткендер­ді көргенде әттеген-ай дейсің. Ұрпақ азғындалса, құдай ұрды дей бер.

Қазір заман да, адам да өз­герген шығар. Қоғамның дамуы да бір орында тұрған жоқ. Біз зайырлы, тәуелсіз елде тұра­мыз. Әркімнің еркі өзінде. Бірақ өзім білемін дегенге салып, әр­кім көшеде ойына келгенін істе­се, халқымыздың тәрбиесіне нұқсан келтіретінін естен шы­ғар­мау керек. Тым болмаса үй­дегі ұл-қыздарымызға ар, ұят мәселесін айтып түсіндіргеніміз жөн болар.

Қазақтың болмыс-бітімі өз­геше. Адамгершілік, сыпайы­лық, үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды асыл қасиеттеріміздің ба­рын ұмытпайық. Бұл өзге ұлт пен этносқа тіл тигізгенім емес. “Жаман ұлт болмайды, тек жа­ман адамдар болады” демекші әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі, ұстанатын салты бар. Қазақтың қазақтығын танытатын – ұлттық құндылықтары. Сондықтан ұр­пақ ұсақталып, адам азғындал­ма­сын десек, үйдегі балалары­мыз ар-иман, ұят, сыйластық ту­ралы тәрбиеден тағылым алуы тиіс.

Сайран ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

зейнеткер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp