«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҒА БУЫННЫҢ АЙТАРЫ БАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаментінде тәлімгерлер кеңесінің есептік кездесуі өтті. Алқалы жиынға ведомство басшылығы, ардагерлер және жас қызметкерлер қатысты.

Облыстық полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллин бос лауазымдарға қызметкерлер алу жөніндегі жұмыс туралы және полиция қатарындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі туралы баяндады. Бұдан кейін тәлімгерлер кеңесінің мүшелері жоспарларымен бөлісті.

– Министр 2024 жылды ішкі істер органдарында кадр әлеуетін арттыру жылы етіп жариялады. Оның шеңберінде жеке құрам арасындағы жұмыстарды жетілдіру бойынша бірқатар мақсатты шаралар қолға алынып жатыр. Дербес бөліністер басшыларының алдына қойылған міндеттердің бірі – ардагерлерді жеке құраммен жүргізілетін жұмыстарға тәлімгер ретінде тарту, – деді облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Хайдар Кәшеновтің айтуынша, тәлімгерлер және ардагерлер кеңесінің негізгі мақсаты – кәсіби мамандарды даярлауда полиция департаментінің басшылығына көмектесу. Жас қызметкерлерге кеңес беріп, жол көрсету.

Жалпы тәлімгерлер кеңесі өткен жылдың қараша айында ішкі істер министрінің тапсырмасымен құрылған болатын. Оған ішкі істер органдарының тәжірибесі мол ардагерлері мүшелік етеді. Кездесу барысында сала ардагерлері ауылдық жерлерде қызметтік-іздестіру иттері мен кинологтарды, сондай-ақ, жылдам қимылдайтын арнайы жасақты тарта отырып, кеңейтілген форматта кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуді және ведомстволық музей экспозицияларының жылжымалы көрмелерін ұйымдастыруды ұсынды.

Есептік кездесуде бірқатар ардагер департаменттің Алғыс хатымен марапатталып, жеке құрамның қошеметіне бөленді.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp