«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кәсіпкерлерге арналған “eGov Business”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шағын және орта бизнес өкіл­де­рі “eGov Business” мобильді қолдан­басының көмегімен мемлекеттік қыз­меттер мен сервистерді пайда­лана алады. Қолданбаны “App Sto­re” және “Play Market” қолданбалар дүкендерінен жүктеп алуға болады және ол “IOS” пен “Android” мобиль­ді құрылғыларында жұмыс істейді.

“eGov business” мобильді қол­дан­басы “Электронды үкімет” ақ­па­рат­тық жүйесінің құрамдас бөлікте­рінің бірі болып табылады. Оның көмегі­мен әртүрлі мемлекеттік қыз­меттер заңды тұлғаларға тікелей смарт­фон­дардан қолжетімді. “eGov Bu­siness” пайдаланушылары енді бір­неше рет басу арқылы заңды тұлға­ның бірінші басшысын тір­кейді, ЭЦҚ шығаруға өтінім береді, QR арқылы түрлі құжаттарға қол қоя ала­ды. Қолданбада барлығы “eGov” 33 қызметіне және “eLicen­se” порталының 399 қызметіне (80 ли­цензияны, 266 рұқсатты, 52 хабарламаны және 1 анықтаманы қо­са алғанда) қолжетімділік ұсыны­лады.

Мобильді қосымшада жеке ка­бинет ретінде жұмыс істейтін және оған кіретін бірінші басшының про­филі де қолжетімді:

– заңды тұлға туралы ақпарат;

– филиалдар мен лицензиялар туралы деректер;

– басқа заңды тұлғаларға қатыс­қан жағдайда еншілес компаниялар туралы ақпарат;

– заңды тұлғаның мүлкі туралы құжаттар мен деректер.

Сондай-ақ “eGov Business” қол­дан­басында бизнеске клиенттік ба­заны кеңейтуге көмектесу үшін құ­рылған отандық өндірушілерге ар­налған бөлім бар. Қолданба кәсіп­керлерге нақты тауар түрі мен сала­ның әлеуетті сатып алушылар база­сына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Әлеуетті сатып алушылар туралы ақпарат Сыртқы экономикалық қыз­меттің тауар номенклатурасы­ның (ТНВЭД) базасы негізінде қалып­тас­тырылады. Базаға кіру компа­ния­ның бірінші басшыларына SMS-хабарламалардағы сілтеме арқылы беріледі. Мүдделі болған жағдайда кәсіпкерлер SMS-хабарламада көр­сетілген нөмірге жүгінеді немесе әле­уетті сатып алушылардың сайт­та­рымен таныса алады. Осы оп­ция­ның арқасында отандық өндіру­шілер жаңа сатып алушыларды тартады.

Бұдан басқа пайдаланушылар­ға ыңғайлы болу үшін “eGov Bu­siness” мобильді қолданбасында “МемСТ 2015” жаңа форматы бойынша ЭЦҚ шығару көзделген. Пайдаланушылар құжаттарға 4 таңбалы PIN коды арқылы немесе кіріктірілген биометрия (“Face ID/Touch ID”) арқылы қол қоя алады.

“eGov business” мобильді қо­сымшасы іске қосылғаннан бері ол 45 мыңнан астам рет жүктелген. “IOS” қолданушыларының саны – 31 мың, ал “Android”-те 15,2 мың болды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі ми­нистр­лігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті мен “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ-ның бірлескен жұмысының арқасында қолданба іске қосылды.

Жайнагүл СЕЙДАХМЕТОВА,

“Ұлттық ақпараттар технологиясы” АҚ қоғаммен байланыс басқармасының қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp