«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Грант саны екі мың

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде грант конкурсына өтініштер қабылдау бас­талды. Грант конкурсының нәтиже­ле­рі 10 тамызда белгілі болмақ. Биыл білім гранттарын тағайындау­ға бірқатар өзгерістер енгізілген.

Мұндағы қабылдау комиссиясы тіпті демалыс күндері де жұмыс іс­теп тұр. Бұл жолы жергілікті универ­ситетке 2 мыңға жуық білім гранты бөлінген. Оның ішінде тасқыннан зардап шеккен өңірлердің түлектері­не ерекше назар аударылған. Сол­түстікқазақстандық талапкерлер кон­курсқа өзі тапсырған 4 ҰБТ нәтиже­лерінің ең жоғарысын ұсына алады.

– Педагогикалық квота бойынша 300 грант қарастырылған. Алдағы уа­қытта университетте жаңадан 2 жа­тақхана қолданысқа беріледі. Студенттердің шетелде тәжірибе­ден өтуіне жағдай жасалған. Қазіргі таңда 6 мемлекетпен байланысы­мыз бар, – дейді қабылдау департа­ментінің директоры Гүлмира Оспа­нова.

Сонымен қатар университет ха­лық тығыз қоныстанған өңірлердің талапкерлеріне грант беру бағдар­ла­масына да қатысады. Оған батыс және оңтүстік өңірлердегі мектеп тү­лектері қатыса алады.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp