Ресей бидайын Қазақстанның атынан сатқан
Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті өткен жарты жылдықты қорытындылады. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ведомство басшысы Бақытжан Абулхаиров облыста жер қойнауын заңсыз пайдаланғандардың анықталғанын айтты. 4 адамға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданған. Айыпталушылардан жалпы сомасы 3,7 млрд. теңгенің мүлкі тәркіленді. Тергеу барысында олардың ауыл шаруашылығы жерлерін заңсыз кен өндіруге …