«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Терезеден құлап кеткен сәбилер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жыл басынан бері жоғары қабаттың терезесінен құлап түс­кен алты бала жеткізілді. Дәрігерлер ауыр жара­қат алған кішкентай сырқаттарды аман алып қалды.

Балалардың терезеден құлау фактілері көбеймесе азаяр емес. Облыстық көпбейінді ба­ла­лар ауруханасының травмато­логия және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Асылхан Жағыпа­ров­тың айтуынша, биыл жарты жылда өткен жылдың ұқсас ке­зеңімен салыстырғанда бала­лар­дың биіктен құлау жағдай­ла­ры 16,6 пайызға артқан. Сондықтан дәрігерлер амалсыздан бұл мәселеге ересектердің назарын аударуды жөн санапты.

Биыл көпқабатты үйдің тере­зесінен құлаған алты баланың екеуі – 5 жасқа дейінгі бүлдіршін. Қалған төртеуі – 10 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер.

“Ересектеу балалар психи­калық жағдайына байланысты немесе ойнап жүріп, абайсызда құлап кетеді. Мұндай жағдайға жол бермес үшін ата-ана ба­лаларына мұқият болса екен дей­міз. Қазір терезелерге арналған қорғаныш заттардың түрлері көп. Сондай-ақ терезе жанына жиһаз, орындық қоюға болмайды. Ба­лаға терезе жақтауына шығудың қауіпті екендігін айтып, түсіндіру керек”, – дейді Асылхан Жағы­паров.

Дәрігердің айтуынша, ауру­ханаға түскен балалар бас жарақаты, мидың шайқалуы, омыртқаның сынуы, өкпенің жыртылуы, қанның ұюы, қолаяғының сынуы секілді жарақаттар алған. Мамандар ауыр халде түскен балалардың өмірі үшін күресіп, былтыр да, биыл да өлімге жол берген жоқ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp