«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭЛЕКТРОНДЫ КЕЗЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Енді қызметтік тұрғын үйге ке­зекке тұру тек “электрондық үкі­мет” порталы арқылы ғана емес, сонымен қатар смартфондардан да мүмкін. Жаңа қызмет Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж азаматтық персоналы үшін “eGov Mobile” мобильді қосым­шасында қолжетімді. 

Қызметтік тұрғын үйге кезекке қою рәсімі бұрын қағаз жеткізгіштердегі жұмыс орны бойынша құжаттарды жинау мен тапсыруды қарастырған. Енді смартфоннан тұрғынжайға өтініш беруге болады. Бұл пайдаланушылардың уақытын едәуір үнемдейді.

Көрсетілетін қызметті алу үшін мына әрекеттерді орындау керек:

– қосымшаға кіріп, “Көрсетілетін қызметтер” қосымша бетіне өтіңіз;

– “Әскери есеп” бөлімін таңдаңыз;

– көрсетілетін қызметтер тізбесінен “Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері азаматтық персоналының (бюджеттік ұйымдар жұмыскерлерінің) қызметтік тұрғынжайға мұқтаж тұлғаларын есепке қоюды” таңдаңыз;

– барлық қажетті алаңдарды толтырып, файлдарды жүктеп алыңыз;

– дербес деректерді өңдеуге келісім беріңіз, “Қол қоюға өту” батырмасын басыңыз. Қол қою жылдам қол жеткізу кодын немесе биометрияны енгізу арқылы жасалады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp