«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 23.07.2024

Мәдениетте мешіт ашылды

Тайынша ауданына қарасты Мәдениет ауылында қайырымды жандардың демеушілігімен ме­шіт салынып, пайдалануға беріл­ді. Бұл қуанышты күнді ауыл тұрғындары асыға күтті. Мешіттің ашылу салтанатына ауыл тұрғындарымен қатар, Қа­зақстан Мұсылмандары Діни бас­қармасының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Хам­зат Қажымұратұлы, “Крас­ный яр” мешітінің имамы Науан Мүтәлұлы, ауыл имамы Аманжол Ақайұлы және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар …

Мәдениетте мешіт ашылды Read More »

Ұлттық тағам күні

Қазақ аналарынан құралған “Дәстүрге жол” ұйымының мүше­лері Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектепте жазғы ла­герьдегі балалар үшін ұлттық та­ғам түрлерінен үстел жайды. Бе­рекелі үстелде аналар оқушы­лар­ға ұлттық тағамдардың құнды­­­лығы жайында әңгімелеп берді. “Қызылжар. Қазақ аналары – дәстүрге жол” қоғамдық бірлес­тігінің мүшесі Сара Мейрамова­ның сөзінше, сарымай әзірлеудің де сыры бар. Оны таза қаймақтан қолмен былғайды. Бұның …

Ұлттық тағам күні Read More »

МҰСАНЫҢ ҚОНЫСЫ

Есіл ауданының орталығы Явленка селосына барған жолаушы табаны тиген жердің бұрын Мұсаның қонысы деп аталғанын білуге тиіс. Жылғараның үлкен ұлы Мұса – ата мұрасын сақтап, бар байлықты да, билікті де иемденген адам. Әкесі барында да, ол фәни дүниеден өткеннен кейін де Мұсаның аты шығып, дәрежесі көтеріліп, ел арасына кең тарады, патша ұлықтары да онымен санасып, …

МҰСАНЫҢ ҚОНЫСЫ Read More »

Балалардың қуанышында шек жоқ

Саумалкөл ауылындағы агротехникалық колледж маңындағы Новая көшесінде бір ай ішінде тұрғызылған спорт-ойын кешені мемлекеттік-жекешелік әріптес­тік­тің озық үлгісіне айналды. Сау­малкөл ауылында шағын фут­бол алаңын салуға мемле­кеттік сатып алудың жеңімпазы “Диас Инвест Групп” ЖШС екен­дігі биылғы жылдың мамыр айында жарияланған еді. Нысан­ның құ­ры­лысын қолға алған кәсіпкер өз қаражаты есебінен футбол ала­ңының жанындағы кеңістікті ойын және баскетбол ала­ңымен …

Балалардың қуанышында шек жоқ Read More »

Ізгілік шарасы

“Мек­теп­ке жол” қайырымдылық ак­ция­сы жыл бойғы форматқа кө­ші­рілгенімен, акцияның негізгі ба­ғыты балаларды жаңа оқу жылы­на дайындау болып қала береді. Биыл бұл әлеуметтік акция “Жақсылық жаса” ұра­нымен өткізіледі. Акция аз қамтылған, көп ба­лалы және тұрмысы төмен отба­сылардан шыққан балаларға, же­тім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала­лар­ға әлеуметтік қолдау көрсе­туге бағытталған. Өңірімізде игі шараға үлес қосатын кәсіпкерлер аз …

Ізгілік шарасы Read More »

Үздік түлектер марапатталды

Аққайың ауданында биылғы оқу жылының қорытын­дысы бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізген бірқа­тар түлектер марапатталды. Аудан әкімі Рүстем Елубаев­тың бастамасымен ауыл ша­руашылығы тауар өндірушілерінің қолдауымен 10 жылдан бері “Ал­тын белгі”, үздік аттестат иегер­лері мен Ұлттық бірыңғай тесті­леуде 100 және одан да жоғары балл алған түлектерді марапат­тау игі дәстүрге айналған. Биыл да үздік түлектер марапатталды. Салтанатты шарада …

Үздік түлектер марапатталды Read More »

МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР

Өткен жылы Мемлекет бас­шысы Қазақстан Республикасы­ның “Заңсыз иемденілген актив­терді мемлекетке қайтару тура­лы” Заңына қол қойған болатын. Осы ретте Қазақстан Республи­касы Президентінің Жарлығы­мен Бас прокуратураның Актив­терді қайтару жөніндегі комитеті құрылды. Жоғарыда аталған заң­ға сәйкес жаңа ведомство уә­кілетті орган болып табылады. Сонымен қатар комитет актив­терді қайтару мәселелері бо­йын­ша басқа да мемлекеттік ор­гандардың қызметін үйлестіре­ді. Комитет Бас прокуратураның …

МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР Read More »

Ерікті болу — жүрек таңдауы

Мен еріктілер қозғалысына мектеп қабырғасында жүргенде келдім. Демалыс күндері бізді ұстаздарымыз ауылдағы жал­ғыз­басты қариялардың үй ша­руа­шылығына көмектесуге апа­ра­тын. Су тасып, бақшадағы жұ­мыстармен айналысып, үйлерін жуып-жинап бергеннен кейінгі қарт­тардың қуанғанын көрген сәттен бастап, ең үлкен мәртебе – көмекке мұқтаж жандардың ал­ғысы екенін ұққан едім. Орта мектепті тамамдап, ар­ман қуып қалаға келіп, жоғары оқу орнына түскеннен кейін …

Ерікті болу — жүрек таңдауы Read More »

ҚАЗАҚ МЕКТЕБІ НЕГЕ ТАПШЫ?

Ата-бабамыз аңсаған азаттыққа қол жеткізген алғашқы жылдары экономика тоқырап, өндіріс тұралап қалған уақытта қазақ тілі де өлместің күйін кешкені анық. Қазағынан орысы көп Қызылжар өңірінде жағдай тіпті күрделі. Жалғыз облыстық қазақ интернатынан басқа мемлекеттік тілде білім беретін мектеп болмаған. Тәуелсіздік жылдары ана тіліміздің мәртебесін көтеру, тілдік орта қалыптастыру басталды. Руханият жанашырларының арқасында ұрпағымыздың өз ана …

ҚАЗАҚ МЕКТЕБІ НЕГЕ ТАПШЫ? Read More »

Бас жүлде – біздің бишілерде

Ақан сері атындағы облыстық филармонияның “Мәңгі­лік” би ансамблі Болгария елінде өткен халықаралық фес­тивальде бас жүлдені жеңіп алды. Витоша тауының етегінде ор­на­ласқан София қаласындағы мә­дени іс-шаралар күнтізбесі ая­сында өткен ХХVIII халықаралық фестивальде Қазақстан, Боли­вия, Үндістан, Италия, Албания, Мексика, Молдова, Грузия, Сол­түстік Македония мен Болгария елдерінің шығармашылық ұжым­да­ры бақ сынады. Хореография, кос­тюм дизайны, жұптық және ұжымдық орындау …

Бас жүлде – біздің бишілерде Read More »

ҚАЛАМГЕРДЕН ҚАЛҒАН ҚАЗЫНА

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғы­лы­ми-әмбе­бап кітапханада жерлесіміз, белгілі жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың “Ортақкөл әңгімелері” кітабының тұсау­кесері өтті. Шараға Зейнел-Ғаби Иманбаевтың ба­лала­ры, туыстары, жерлестері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары қатысты. Кі­тап Алматыдағы “Асыл кітап” баспасында басылған. Жазушының туған жері – Шал ақын ауданында жыл ба­сынан бері қаламгерге арналып кітапхана, музей, өзге де мәде­ниет ордаларында шығармашы­лық кездесулер, …

ҚАЛАМГЕРДЕН ҚАЛҒАН ҚАЗЫНА Read More »

Оралдағы сәтсіз ойын

Биыл алғаш рет өтіп отырған лига кубогының үшінші турында Оралдың “Ақ­жайы­ғы” өз алаңында Пет­ропавлдың “Қызылжарын” қабылдады. Петропавлдық команда премьер-лига турнир кестесінде оныншы орында келе жатса, бі­рін­ші лигада ойнап жүрген орал­дықтардың жағдайы да мәз емес. Десе де осы жолғы кездесуде оралдық клубтың айы оңынан туды. Бірінші таймда алаң иелері есеп ашты. Гол авторы – Шыңғыс Құбашев. …

Оралдағы сәтсіз ойын Read More »

Үш адамның ажалы

Жексенбі күні Қызылжар ауда­нының орталығы Бескөл ауы­лы­нан үш шақырым жерде жол-көлік оқиға­сы орын алды. Облыстық поли­ция департаменті бас­пасөз қыз­ме­тінің мәліметінше, “Астана – Петропавл” автожо­лында “Infiniti FX45” автокөлігінің жүргізушісі бір бағытта кетіп бара жатқан “Бе­ларус” тракторының тір­кемесіне соғылған. Жол-көлік оқиғасының салда­ры­нан жеңіл көліктің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 37 және 27 жастағы екі жолаушысы оқиға ор­нында …

Үш адамның ажалы Read More »

АУЫЛДЫҢ ӘЛЕУЕТІ — ЕЛДІҢ АЙНАСЫ

Халықтың тұрмыс деңгейі – адамдардың қажетті игіліктер мен қызметтерге қолжетімділігінің көрсеткіші. Яғни ол қоғам өміріндегі барлық әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қамтиды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр жылдардағы Жолдаулары халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталуының сыры осында. Елдің тынысы халқының тұрмысына қарап бағаланатыны белгілі. Осы бағытта аудан экономикасының барлық салаларында бірнеше ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен жөн. …

АУЫЛДЫҢ ӘЛЕУЕТІ — ЕЛДІҢ АЙНАСЫ Read More »

Мал азығын дайындау — маңызды науқан

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоспарлы көрсеткіштеріне сай өңірде малдың жайлы қыстап шығуы үшін 940 мың тонна шөп, 234,6 мың тонна пішендеме, 278,1 мың тонна сүрлем, 867 мың тонна сабан және 818 мың тонна жем дайындау керек. Оның ішінде үй шаруашылықтарындағы малдың қыстауына 424,1 мың тонна шөп, 406,4 мың тонна сабан және 277 мың тонна жем қажет …

Мал азығын дайындау — маңызды науқан Read More »

ТАЗА ҚЫЗЫЛЖАР

Өткен сенбі күні Петропавл қаласында “Таза Қызылжар” эко-акциясы өтті. Бұл шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен депутаттар, бизнес құрылымдардың өкілдері, жастар, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты. “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында өткен шарада Мещан орманының аумағы қоқыстан тазартылды. Жалпы ұзындығы 3 шақырымды құрайтын аумақ төрт учаскеге бөлінді. Сенбілікке қатысушылар Мещан орманынан бастап, Омбы тас жолын …

ТАЗА ҚЫЗЫЛЖАР Read More »

ЖЕДЕЛДІК КЕРЕК, САПА ДА МАҢЫЗДЫ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында жылыту маусымына дайындық барысымен танысты. Петропавл ЖЭО-2 жабдығының 57,3, Солтүстік Қазақстан электр жабдықтарының – 96,6, жылу құбырларының 77,5 пайызға тозуын ескере отырып, өңірде жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биыл Петропавл ЖЭО-2-де 17,6 млрд. теңгеге жұмыс атқару жоспарлануда. 2027 жылға дейін 739 …

ЖЕДЕЛДІК КЕРЕК, САПА ДА МАҢЫЗДЫ Read More »