«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ерікті болу — жүрек таңдауы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мен еріктілер қозғалысына мектеп қабырғасында жүргенде келдім. Демалыс күндері бізді ұстаздарымыз ауылдағы жал­ғыз­басты қариялардың үй ша­руа­шылығына көмектесуге апа­ра­тын. Су тасып, бақшадағы жұ­мыстармен айналысып, үйлерін жуып-жинап бергеннен кейінгі қарт­тардың қуанғанын көрген сәттен бастап, ең үлкен мәртебе – көмекке мұқтаж жандардың ал­ғысы екенін ұққан едім.

Орта мектепті тамамдап, ар­ман қуып қалаға келіп, жоғары оқу орнына түскеннен кейін де қи­налған жандарға қол ұшын созу үшін жастар ұйымына ерікті ре­тін­де тіркелдім. Арада біраз уақыт өт­кесін облыстағы “Жастар Ас­сам­блеясы” өкілдігін таңдадым. Қазір міне, 2 жыл көлемінде “Жас­тар Ассамблеясы” облыс­тық филиалының басшысы ре­тінде қайырымды істерге жетек­шілік етіп келемін. Біздің ұйым­дағы 14 пен 35 жас аралығын­да­ғы еліне жанашыр жастардың са­ны күн санап артып келеді.

“Жастар Ассамблеясы” ұйы­мы волонтерлік істермен ай­на­лысып қана қоймай, басқада салаларда жастардың бел­сен­ділігін дамытуға арналған жоба­ларды сәтті жүзеге асырып ке­леді. Күні кеше ғана жастары­мыз су тасқынынан зардап шек­кен облыс тұрғындары үшін жо­ғары деңгейде ретро концерт ұйым­дас­тырды.

Сонымен қатар қаңғыбас жан­уарларға жайлы жер іздеу, қо­лай­­сыз отбасы балаларының бос уа­қытын тиімді ұйымдас­ты­ру, ауыр науқастарды емдеуге қа­ражат жинау – осының барлығы біздің жұмыстарымыздың бір бө­лігі ға­на. Мұндай жұмыстар үшін біздің жастар ешкімнен алғыс не­месе марапат күтпейді, өмір­лік қиын жағдайға тап болған жан­дар­мен бірге қиындықты еңсеру мақса­тында бар күш-жігерлерін салып еңбек етеді.

Әрине, ерікті болу оңай жұ­мыс емес, ол – уақытты, күш пен жігерді талап ететіні анық. Ерікті­лерді – ерекше ортақ кұндылық­тары бар, көмекке мұқтаж жанға қол ұшын созып жақсылық қылу­ға, қуантуға асығатын адамдар деп айтар едім.

Біздін елімізде еріктілер қоз­ғалысы енді ғана дамып келе жа­тыр, осыдан он жыл бұрын ерік­тілер туралы елдің барлығы бір­дей біле бермейтін және “ерікті­міз” десек, халық бізге біртүрлі қа­райтын. Еріктілердің жұмыстары туралы да насихат­тал­май­тын. Ал қазіргі таңда рес­ми ақпарат құ­ралдарынан бас­тап, әлеуметтік желілердегі ерік­тілердің ісі жө­нін­дегі ақпараттар­ды көрген әр­түрлі жастағы оқыр­ман риза бо­лып, жақсы пікірлерімен бөлісіп жатады.

Су тасқыны кезінде Қазақ­стан халқы Ассамблеясының ерік­ті­лері тағы да ерлеп, өз елі­нің нағыз патриоты екендерін дә­лелдеді. Бұл азаматтық инсти­тут­тың құрамындағы 12 мыңға жуық ерікті құтқарушылармен бірге су тасқынынан зардап шек­кендерге көмек қолын созып, белсенділік танытты.

Ел басына күн туған қиын шақ­та біздің жастар да қарап қал­май, екі айдан астам уақыт бойы су басу қаупі жоғары елді мекен­дерде қаптарға құм толтыру, бө­геттерді нығайту жұ­мыстарымен айналысты. Өзге ай­мақтардан және шетелден жет­кізілген гума­нитарлық көмектер­ді жүк көлік­терінен түсіріп, қой­ма­ға жинап, мұқтаждарға таратты.

Ерікті болғандықтан мен үшін адам­дарға жақсылық жасау, ша­маң жеткенше көмек көрсету – ең жақсы көретін іс. Ерікті болу – менің өмірімнің ажырамас бөлі­гі, саналы таңдауым. Ал елімізде мен сияқтылар көп екенін біле­мін. Біз секілді жастар әрқашан­да мұқтаж жандарға көмек қолын созуға дайын.

Соңғы жылдары елдің әл-ауқатына барын­ша үлес қосып жүрген еріктілерді қолдап, во­лонтерлік қозғалысты дамытуға қолайлы жағдай жа­сап, еңбек­терін бағалап жатқаны қуан­тады. Осы орайда, су тасқы­нымен белсенді күресте үлес қос­қаны үшін өңір басшысы Ғауез Торсан­ұлы­ның қолынан алған Ал­ғыс хаттың мен үшін маңызы жо­ғары екенін атап өткім келеді. Бұл – менің ғана емес, еліне шын жан­ашыр болып жүрген ұйым­да­ғы әр жастың ерен еңбегінің нәтижесі.

Дариға СМАИЛОВА,

“Жастар Ассамблеясы” облыстық филиалының басшысы, ерікті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp