«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бас жүлде – біздің бишілерде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақан сері атындағы облыстық филармонияның “Мәңгі­лік” би ансамблі Болгария елінде өткен халықаралық фес­тивальде бас жүлдені жеңіп алды.

Витоша тауының етегінде ор­на­ласқан София қаласындағы мә­дени іс-шаралар күнтізбесі ая­сында өткен ХХVIII халықаралық фестивальде Қазақстан, Боли­вия, Үндістан, Италия, Албания, Мексика, Молдова, Грузия, Сол­түстік Македония мен Болгария елдерінің шығармашылық ұжым­да­ры бақ сынады. Хореография, кос­тюм дизайны, жұптық және ұжымдық орындау шеберлігі бойынша бағалау жүргізілді. Гру­зия, Мексика мен Молдовиядан барған кәсіби ұжымдармен бір сах­нада өнер көрсету біздің жер­лестерімізге оңай болмады. Десе де ел намысын қорғаған “Мәңгілік” би ансамблі аталмыш фести­вальде топ жарып, жүзден жүйрік атанды. Жеңімпаздар арнайы аталымдар бойынша да марапат­талды.

– Фестиваль аясында София қаласы басшылығының ресми қа­былдауы өтіп, қатысушылардың құрметіне қалалық алаңда ме­ре­келік шеру ұйымдастырылды. Сон­дай-ақ әр елден барған өнер­паздардың құрметіне ағаш отыр­ғызылып, сәндік-қол­данбалы өнер жәрмеңкесі өтті. “Мәңгілік” би ансамблі тамыз айының 2-не дейін Болгарияның Мездра, Кюс­тендил, Пловдив сын­ды бірқатар қалаларында өтетін төрт фести­вальге қатыса­ды, – деді Ақан сері атындағы об­лыстық филармо­нияның дирек­торы Ботагөз Ақма­ғамбетова.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp