«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мал азығын дайындау — маңызды науқан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоспарлы көрсеткіштеріне сай өңірде малдың жайлы қыстап шығуы үшін 940 мың тонна шөп, 234,6 мың тонна пішендеме, 278,1 мың тонна сүрлем, 867 мың тонна сабан және 818 мың тонна жем дайындау керек.

Оның ішінде үй шаруашылықтарындағы малдың қыстауына 424,1 мың тонна шөп, 406,4 мың тонна сабан және 277 мың тонна жем қажет .

Өсімдік шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы да біртіндеп дамып келе жатқан өңірімізде қысқы мал азығын дайындау маңызды.

Астық ору жұмыстарына әлі ерте болғанымен, шабындықтарға шалғы түсе бастады. Жалпы облыс бойынша 379 мың гектар жерге мал азығы егілген.

– Өңір алқаптарында 134,9 мың гектар жерге біржылдық шөп, 16,1 мың гектарға көпжылдық шөп егілсе, өткен жылдардан қалған шабындықтар көлемі 198 мың гектар. Көпжылдық шөптер аумағы алқаптардың 52 пайызын алып жатыр. Соңғы жедел деректерге сай өңірде 488,3 тонна шөп дайындалған. Бұл жоспарлы көлемнің 51,9 пайызына тең. Ал шабылған пішендеме 71,4 тонна. Әзірге қажетті пішендеменің үштен бір бөлігі дайындалған, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз хатшысы Анастасия Харламова.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp