Жексенбі күні Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылынан үш шақырым жерде жол-көлік оқиғасы орын алды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, “Астана – Петропавл” автожолында “Infiniti FX45” автокөлігінің жүргізушісі бір бағытта кетіп бара жатқан “Беларус” тракторының тіркемесіне соғылған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан жеңіл көліктің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 37 және 27 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Жеңіл көліктегі тағы бір 1996 жылғы жолаушы қыз Қызылжар аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Трактордың 35 жастағы жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері үш адамның қазасына алып келген жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар мен сотқа дейінгі іс жүргізу бойынша материалдар жинап жатыр.
Әсет ҚАНАФИН.