«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 24.07.2024

ҚАРТ БАСЫЛЫМНЫҢ ХАЛІН БІЛДІ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығындағы бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларында болып, ұжым мүшелерімен кездесті. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында бұқаралық ақпарат құралдары маңызды орын алады. Тілшілер қауымымен кездесуді ұйғарған облыс әкімі әр редакцияның тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл орайда қарт басылым “Soltüstık Qazaqstan” газеті ұжымына да өңір басшысымен кездесудің орайы келді. Іргетасын Алаштың аяулы азаматы Мағжан ақын бір ғасыр …

ҚАРТ БАСЫЛЫМНЫҢ ХАЛІН БІЛДІ Read More »

МЕРЕЙІ ҮСТЕМ ОТБАСЫ

Петропавлда “Мерейлі отба­сы” ұлттық байқауының облыс­тық кезеңі өтіп, республикаға өңір атынан баратын жеңімпаз анықталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл дәстүрлі “Мерейлі отбасы” байқауына қатысуға 70 шақты өтініш түскен, оның 28-і облыстық кезеңге жетті. Қатыс­қандардың жартысы – көпбалалы отбасылар, бұдан бөлек, әр шаңырақтың өз жетістіктері бар, бірінің ұл-қызы спортта чемпион болса, енді бірі табысты еңбек етіп, қоғам өміріне …

МЕРЕЙІ ҮСТЕМ ОТБАСЫ Read More »

Алаңдауға негіз жоқ

Бұған дейін ақпарат құралдарында облыс орталы­ғындағы Солтүстік Қазақстан университеті колледжінің жабылатыны туралы айтылған болатын. Бұл мәселеге орай студенттер мен олардың ата-аналары алаңдаушылық білдіріп, біраз әуре-сарсаңға түсті. Алай­да әзірге оқу орны жабыл­май­тын болды. Бұл туралы облыс­тық білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова мә­лімдеді. Оның айтуынша, облыстық білім басқармасы мен колледж құрылтайшысы тарапынан екі жақты келіссөздер жүргізіліп, оқу …

Алаңдауға негіз жоқ Read More »

Есепте тұрғандар тексеріледі

Петропавл қаласында бар­лық 13 учаскелік полиция пункттерінің аумағында рейд­тік іс-шаралар жүріп жатыр. 22 шілде мен 8 тамыз аралы­ғында по­лицейлер есепте тұр­ғандарды тексеріп, қаланың барлық шағынаудандарын қам­туды жос­парлап отыр. Атал­мыш жұмыстарға жүзге жуық полицей­ мен еріктілер тартыл­ған. Алғашқы күндері есепте тұрған 105 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді, оның он бесі – маскүнемдікке шалдыққандар, оны – бұрын …

Есепте тұрғандар тексеріледі Read More »

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕЛІ

“Арабеск” би ансамблі Ресейдің Санкт-Петербург қаласын­да өткен “Планета искусств” атты халықаралық байқауда 8 қола, 4 күміс және 3 алтын медальға қол жеткізді. Қазақстанның атынан барған жалғыз би ұжымы айтулы додада ел намысын абыроймен қорғады. Жүзден астам жерлесіміз сахнада өз өнерлерін паш етті. Қатысушы Виолетта Крутикованың айтуын­ша, бұл байқауға ұжым бір жыл бойы дайындалған. – Біз …

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕЛІ Read More »

Алауыздықты қоздырған әйел

Мамлют ауданының тұрғы­ны, 4 баласы бар Л. есімді әйел әлеуметтік желіде сепаратистік көзқарасын білдіріп, елдің тұтастығына қауіп төндіргені және ұлтара­лық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды. Облыстық соттың мәліметінше, Мамлют аудандық соты Қыл­мыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі “Телекоммуникация же­лі­лерін пайдалана отырып, Қа­зақстанның біртұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды наси­хаттау” бойынша қылмыстық істі қарады. Сотталушы биыл наурыз …

Алауыздықты қоздырған әйел Read More »

ЖАҒДАЙЫҢ ҚАЛАЙ, ЖАС САРБАЗ?

Әскер қатарында қызмет ету – әр азаматтың парызы болса да, өкінішке қарай бүгінде Отан алдындағы борышын өтеуден қашатын азаматтардың қатары жиілеп кетті. Батыр бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтап қалған даламызға қалқан болудан жастарымыз неге қашады? Әскерде сарбаздарға жағдай жасалған ба? Олардың әскерден бас тартпауы үшін қандай әлеуметтік қолдаулар бар? Осы сұрақтарды тиісті мамандарға қойып, …

ЖАҒДАЙЫҢ ҚАЛАЙ, ЖАС САРБАЗ? Read More »

ТЕМІРДЕЙ ТЕМКЕҢ

Өмірде темірдей тәртіпті сүйетін, өзіне де, өзгеге де талабы қатал адамдар болады. Олар қай жерде, қай салада еңбек етпесін, нәтижесін көрмейінше шаршау, шалдығу дегенді білмейді. Осы жанкештілігінің арқа­сында үнемі ісін тап-тұйнақтай қылып қояды. Бірақ қанша талапшыл болғанымен, мейірімі мен ізгілігі жанындағыларды жылытып, бірлесе жұмыс істеуге ынталандырып отырады. Бұл санаттағы адамдар­дың ісі әрдайым өрге домалайды. Темірғали …

ТЕМІРДЕЙ ТЕМКЕҢ Read More »

Жамбыл ТАСЕМЕНОВ: “Олимпиадаға екі-ақ спортшымыздың аттануына командадағы буын алмасу себеп”

– Жамбыл Серғазыұлы, қазір бәрі өзгеріп жатыр ғой. Қоғам да, адам да бұрынғы­дай емес. Осы тұрғыда өткен мен бүгінгіні таразыға салып көрсек. Спортта не өзгерді? – Шыны керек, өткен ғасыр мен қазіргі заманғы спорттың ара­сы жер мен көктей. Кеңес ода­ғы он бес республикада тұ­ратын түрлі халықтардың ортақ үйі болып есептелді ғой. Десе де, одақ құрамына …

Жамбыл ТАСЕМЕНОВ: “Олимпиадаға екі-ақ спортшымыздың аттануына командадағы буын алмасу себеп” Read More »

Еңбек қатынасына ерекше назар

Биылғы жылдың алты айында өндірісте 14 оқыс жағдай орын алып, 17 адам зардап шекті. Екі оқиға кісі өлімімен аяқталды. Мәселен, сәуір айында “Чистотел” серіктестігіндегі кісі өліміне әкеліп соқтырған келеңсіз жағдай болған. Оған қатысты арнайы комиссия құрылып, тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда өндіріс жұмысының дұрыс ұйымдастырылмауы, қауіпсіздік талаптары бойынша оқытудың жеткіліксіздігі қайғылы жағдайға себеп …

Еңбек қатынасына ерекше назар Read More »

Тұрғындарға берешек

Өңірдегі энергиямен қамтушы компаниялар өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша тұтынушыларға 24,1 млн. теңге қайтаруы тиіс. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметінше, ведомство жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп 2023-2024 жылғы жылыту маусымының қорытындысын шығарды. Мамандар жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қыстағы ауаның нақты температурасын ескере отырып қайта есептеді. Нәтижесінде орталықтандырылған …

Тұрғындарға берешек Read More »

Шәрке сал

Киелі Қызылжар топырағында талай сал-серілер құндақталғаны баршамызға аян. Асыл мұралары бүгінгі күнге ауызша жеткеннен болар, кейбір туындылардың авторынан қателесіп жүргеніміз де белгілі. Бүгінгі мақаламыз ХІХ ғасырда өмір сүрген атақты балуан, суырып салма әнші-ақындардың бірі Шәрке сал Қорабайұлының 200 жылдығына арналады. Шәрке сал 1824 жылдың наурыз айында қазіргі Мамлют ауданына қарасты Бике ауылының маңында орналасқан Манақа …

Шәрке сал Read More »

Алаш ардақтылары азапталған “АҚ ТҮРМЕ”

Еліміздің көне тарихының талай-талай қатпарын қопарған сайын танысқан табысыңа таңдана отырып, тарих сілемдерінің құпия сырына сүйсіне де, күрсіне де қарайсың. Оның өз себебі бар шығар, біздің шытырман тарихымыз әлі толық зерттеліп, шынайы ғасырлар сөресінде өз орнын таба білді ме, білмеді ме, міне гәп қайда жатыр. Заманының саяси өктемшілігін қолына алғандар немесе алғысы келгендер қолына тиген …

Алаш ардақтылары азапталған “АҚ ТҮРМЕ” Read More »

Тазалық сақтау – тәрбиеден

Жуырда ғаламторда бір суретті көзім шалды. Адамдар жүрген жер мен жабайы аңдардың мекені – табиғат аясы бейнеленіпті. Бір қарағаннан-ақ кімнің жабайы екенін түсінесің. Жер бетіндегі ең саналы тіршілік иесі болғанымызбенен әрекетімізден жабайылық белгілері жиі көрініс табаныны өкінішті. Өткенде жолда келе жатқанда осыған тағы бір мәрте көз жеткіздім. Біздің алдымызда кетіп бара жатқан көліктің жүргізушісі терезесін …

Тазалық сақтау – тәрбиеден Read More »

БАЛА ЖҮРЕГІ – КҮЙСАНДЫҚ

Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Балалар мен жастарды рухани жағынан нағыз адам етіп қалыптастыру керек. Сонда ғана нағыз толыққанды тұлғаға айналады. …

БАЛА ЖҮРЕГІ – КҮЙСАНДЫҚ Read More »

Тікелей эфирде жауап берді

Жуырда өткен “Жолда қабылдау” республикалық акциясының барысында азаматтарды қабылдау, онлайн байланыс өткізілді, сондай-ақ телефон арқылы “қауырт желіге” келіп түсетін сұрақтарға жауап қайтарылды. Акция барысында әкімшілік полиция басқармасы мен процессингтік орталықтың басшылығы азаматтарға өз құзыреті шеңберінде қажетті түсініктемелер берді. Мәселен, облыстағы аудандардың бірінің тұрғыны әкімшілік полиция бастығынан кеңес алды. Оның құжаттарына түзету енгізуі қажет екен, полицейлер …

Тікелей эфирде жауап берді Read More »

Ұстаз мәртебесі — ұлт беделі

Алаштың ардақтысы Мағжан Жұмабаев: “Алты Алаштың басы қосылса, төрдегі орын – мұғалімдікі” деген өміршең ой айтқанын қалай ұмытарсың! Бұл сөз қазақ қоғамындағы ұстаздың орнын анықтап тұр. Әрбір жасөспірімнің қалыптасуында екі үлкен фактор маңызды рөл атқаратыны белгілі. Бірінші – отбасы, екіншісі – өскен ортасы. Ал отбасынан алған тәрбиені дұрыс өрбіту – мектеп мұғалімінің міндеті. Осынау қастерлі …

Ұстаз мәртебесі — ұлт беделі Read More »

Ел аумағынан шығарылды

Маусым айында полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының аумағында заңсыз еңбекпен айналысу фактісін анықтады. Салынып жатқан құрылыс нысанында еңбектеніп жүрген Өзбекстан Республикасының бес азаматының жұмыс істеуге рұқсаты болмаған. Шетелдіктерді де, олардың жұмыс берушілерін де әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданды. Сот шешімімен шетелдік бес азаматтың барлығы Қазақстанның аумағынан шығарылды. Биылғы алты ай ішінде көші-қон саласындағы қолданыстағы заңнаманы …

Ел аумағынан шығарылды Read More »