«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаңдауға негіз жоқ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұған дейін ақпарат құралдарында облыс орталы­ғындағы Солтүстік Қазақстан университеті колледжінің жабылатыны туралы айтылған болатын.

Бұл мәселеге орай студенттер мен олардың ата-аналары алаңдаушылық білдіріп, біраз әуре-сарсаңға түсті. Алай­да әзірге оқу орны жабыл­май­тын болды. Бұл туралы облыс­тық білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова мә­лімдеді.

Оның айтуынша, облыстық білім басқармасы мен колледж құрылтайшысы тарапынан екі жақты келіссөздер жүргізіліп, оқу ордасын жаппау туралы ұйғарым шығарылды.

– Бүгіндері колледжде 6 ма­мандық бойынша 310 студент білім алуда. Олардың 80 пайы­зы, яғни 246 бала – грант иегер­лері. Биыл колледж студент­терге білім беру үрдісін тоқтат­пайды. Студенттер тиісті ма­мандықтар бойынша оқуды жалғастырады. Келесі жылы аталмыш оқу орны жабылса, білім алушылар өзге колледж­дерде оқуларын жалғастыра­тын болады. Гранттары сақталады, – деді Айнагүл Сұраға­нова.

Жалпы біздің өңірде бүгінде 24 колледж бар. Олардың 19-ы – мемлекеттік болса, қалғаны – жекеменшік. Онда 10 мыңнан астам студент білім алуда. Орта арнаулы білім беру мекеме­ле­рінің тең жартысы облыс орта­лығында орналасқан.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp