«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ел аумағынан шығарылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Маусым айында полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының аумағында заңсыз еңбекпен айналысу фактісін анықтады. Салынып жатқан құрылыс нысанында еңбектеніп жүрген Өзбекстан Республикасының бес азаматының жұмыс істеуге рұқсаты болмаған. Шетелдіктерді де, олардың жұмыс берушілерін де әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданды. Сот шешімімен шетелдік бес азаматтың барлығы Қазақстанның аумағынан шығарылды.

Биылғы алты ай ішінде көші-қон саласындағы қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін 201 шетелдік және 38 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері көші-қон қызметі бөліністерінің қызметкерлері еліміздің аумағында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін 5359 азаматты анықтады. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалардың тарапынан көші-қон саласындағы заңнаманы бұзудың 302 дерегі тіркелді және ел аумағынан 57 шетелдік шығарылды.

Құқық бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесуден бөлек көші-қон қызметі басқармасы мемлекеттік қызметтердің 12 түрін көрсетуді жалғастыруда. Алты ай ішінде азаматтығы жоқ 573 адам тұруға ықтиярхат пен куәліктер алды. Жеке куәлік жасауға 20054 өтініш рәсімделді және 12320 адам паспорт алды. Қаңтар-маусым айлары арасында көші-қон қызметі Қазақстанда уақытша болуға 3600-ден астам рұқсат қағазын берді.

Талғат ӘБІЛОВ,

облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp