«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Есепте тұрғандар тексеріледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында бар­лық 13 учаскелік полиция пункттерінің аумағында рейд­тік іс-шаралар жүріп жатыр. 22 шілде мен 8 тамыз аралы­ғында по­лицейлер есепте тұр­ғандарды тексеріп, қаланың барлық шағынаудандарын қам­туды жос­парлап отыр. Атал­мыш жұмыстарға жүзге жуық полицей­ мен еріктілер тартыл­ған.

Алғашқы күндері есепте тұрған 105 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді, оның он бесі – маскүнемдікке шалдыққандар, оны – бұрын сотталғандар және үшеуі – қолайсыз отбасы­лар. Тексеріс барысында елу­ден астам әкімшілік құ­қық бұзушылық анықталды. Олар­дың ішіндегі ең көбі – абат­тандыру қағидаларын, тір­кеу ере­желерін бұзу. Горький көшесін­дегі тиісті тіркеуі жоқ дүкенде алкоголь өнімін заңсыз сақтау фактісі анықталып, 99 литр алкоголь өнімі тәркіленді және әкімшілік материал жиналды.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp