«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұрғындарға берешек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірдегі энергиямен қамтушы компаниялар өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша тұтынушыларға 24,1 млн. теңге қайтаруы тиіс.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметінше, ведомство жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп 2023-2024 жылғы жылыту маусымының қорытындысын шығарды. Мамандар жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қыстағы ауаның нақты температурасын ескере отырып қайта есептеді. Нәтижесінде орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, бірақ жылуды есептегіш құралдары жоқ тұтынушылардың артық төлем жасағаны анықталды.

Осылайша тұтынушыларға қосымша құн салығын қоса есептегенде 24 136 773,49 теңге қайтарылуы тиіс. Бұл – 11 табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға берешегі. Оның жартысына жуығы – 11 млн. теңге шамасындағы сома “Севказэнергосбыт” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Ал “Саумалкөл жылу” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 7 млн. теңге қайтаруы тиіс.

“Бұл компаниялар қайта есептеу нәтижесіне орай берешекті жаңа жылыту маусымында, не бір жыл ішінде қайтаруы тиіс. Ол халықтың жеке шотында аванс түрінде жеке жолмен көрсетіледі”, – дейді облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің бөлім басшысы Сәния Сағырбаева.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp