«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРТ БАСЫЛЫМНЫҢ ХАЛІН БІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығындағы бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларында болып, ұжым мүшелерімен кездесті.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында бұқаралық ақпарат құралдары маңызды орын алады. Тілшілер қауымымен кездесуді ұйғарған облыс әкімі әр редакцияның тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл орайда қарт басылым “Soltüstık Qazaqstan” газеті ұжымына да өңір басшысымен кездесудің орайы келді. Іргетасын Алаштың аяулы азаматы Мағжан ақын бір ғасыр бұрын қалаған қарашаңыраққа бас сұққан Ғауез Нұрмұхамбетов редакция ғимаратын келер жылы жөндеу мәселесін қарастыратынын айтып, уәде берді.

Өз кезегінде журналистер өңірдің дамуына, жоспарланған жобаларға қатысты сауалдарын қойып, тұрғындардың өтініш-тілектерін жеткізді. Көкейкесті сұрақтарға жауап берген Ғауез Торсанұлы БАҚ өкілдеріне алғыс білдірді.

– Әрқашан кері байланысты қолдаймын. Кездесулерді тұрақты түрде өткізу ұсынылды. Бұл журналистердің пікірлері мен сұрақтарын тыңдауға мүмкіндік береді, оның барлығы билік пен қоғам арасындағы байланыстың ашық әрі әділ болуына ықпал етеді, – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp