Жуырда өткен “Жолда қабылдау” республикалық акциясының барысында азаматтарды қабылдау, онлайн байланыс өткізілді, сондай-ақ телефон арқылы “қауырт желіге” келіп түсетін сұрақтарға жауап қайтарылды. Акция барысында әкімшілік полиция басқармасы мен процессингтік орталықтың басшылығы азаматтарға өз құзыреті шеңберінде қажетті түсініктемелер берді. Мәселен, облыстағы аудандардың бірінің тұрғыны әкімшілік полиция бастығынан кеңес алды. Оның құжаттарына түзету енгізуі қажет екен, полицейлер жедел қызмет көрсетіп, оған өтініш үлгісін берді және келесі іс-қимыл алгоритмін түсіндірді.
Облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Серік Әлжановтың айтуынша, “Жолда қабылдау” акциясы барысында ондаған адам тікелей байланыс арқылы жүгінген. Полицейлер барлығына жауаптар мен түсініктемелер беріп, тұрғындарды қандай мәселелер мазалап жүргенін анықтауға тырысты. “Жолда қабылдау” акциясының келесі кезеңі 16-17 тамызға жоспарланған.
Юрий КЛЫКОВ
облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы.