«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАНЫҢ ТЕКСЕРІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жоғары аудиторлық палата Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, оның ішінде бес филиалының 2022-2023 жылдардағы қызметін тексерді. Тексеру 3,8 трлн. теңге мен 770 млн.-нан астам медициналық қызметті қамтыды. Жоғары аудиторлық палата мәлімдеген тексеру қорытындыларына байланысты қор өкілдері мынандай ақпаратты таратты.

Ұлттық қор қаражатын игермеу туралы айтар болсақ, 2022 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесі бойынша бұйрықтың кеш қабылдануына байланысты 12,7 млрд. теңге, 2023 жылы 12 ауданаралық аурухана бойынша төлем әдістемесінің өзгеруіне және оның ақпараттық жүйелерде кеш жүзеге асуына байланысты 0,5 млрд. теңге игерілмеген. Бұл қаражат толық көлемде бюджетке қайтарылды.

Екі жеткізушінің жеке қызмет түрлеріне лицензиясының болмауы УДЗ қызметтерін көрсеткен жекелеген мекенжайларға қатысты. Олардың үлесі жеткізушілер көрсеткен қызметтердің жалпы көлемінің 1 пайыздан азын құрады. Айта кету керек, коммерциялық емес ұйым ретінде қордың лицензиядан кейінгі бақылау функциясы жоқ. Бұл басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне кіреді.

Бірлесіп орындаушылармен медициналық қызметтерге қосарланған төлем жөнінде айтар болсақ, қор сарапшылары егжей-тегжейлі талдаудан кейін амбулаториялық көмек бойынша 27,6 млрд. теңге қаржылық емес процедуралық бұзушылықтарға жататынын анықтады. Бұдан әрі шаралар қабылдау үшін бейінді мемлекеттік органдарды құқықтық бағалау қажет. Тексеруші орган да, қор да осы ұстаныммен келісті. Қор тек жеткізушілермен шарт жасасады және олардың бірлесіп орындаушыларымен қарым-қатынасына араласуға құқығы жоқ екенін ескерген жөн.

Стоматологияларға тарифтен тыс төленген анестезияға қатысты жағдай ақпараттық жүйелердегі форматты-логикалық бақылаудың бұзылуына байланысты қалыптасты. Қор сексеннен астам форматты-логикалық бақылауды дайындады, олар қазіргі уақытта адами факторды төмендету арқылы қызметтер мониторингінің тиімділігін арттыру үшін кезең-кезеңімен енгізілуде.

Шетелге тұрақты тұруға кеткен адамдарды амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты мәселе ақпараттық жүйелерді интеграциялау және тұрақты тұруға кеткен және жеке басын куәландыратын құжаттарды тапсырмаған адамдарға қатысты көші-қон тәртібін реттеу бөлігінде мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысын талап етеді.

Анықталған бұзушылықтардың едәуір бөлігі цифрландыру деңгейінің жеткіліксіздігіне байланысты. Осы жылдың ортасында қор қанатқақты режімде өзінің ақпараттық төлем жүйесін енгізді, сондай-ақ медициналық көмек пен қаражатты сапалы талдау және тиімдірек бөлу үшін ситуациялық-талдамалық орталығын іске қосты.

Қордың өзге де басымдықтары – ашықтық, есептілік және корпоративтік тәуекелдерді енгізу. Мұндай саясат қаржылық бұзушылықтар санын азайтуға ықпал етті. Жоғары аудиторлық палатаның тексеру нәтижелері олқылықтар алдыңғы жылмен салыстырғанда аз екенін көрсетті.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,

“Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ-Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp