«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ЕСКЕРТУ ЕСКЕРІЛДІ МЕ?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Кедергісіз келешек” жобасы аясында “AMANAT” партиясы облыстық филиалының өкілдері Тайынша ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралап, мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдаймен танысты.

“AMANAT” партиясы облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Халықова мониторингтік топ мүшелері 11 әлеуметтік нысанда болып, екі жыл бұрын сынға ұшыраған аудандық әкімдік ғимаратына да бас сұққандарын айтты.

– Біз барған аудан әкімдігінің ғимараты мониторинг тобы мүшелерінің көңілінен шықты. Екі жылдан кейін мониторингтік топ мүшелері ескертулердің қаншалықты орындалғанын тексерді. Жоғарыға көтергіш қойылған, кіреберіс есіктің ені құрылыс талаптары мен ережелеріне сәйкес келеді. Брайль қарпімен жазылған тақтайша, шақыру түймесі, тактильді бағыттағыштар, бейімделген әжетхана және жуыну бөлмесі жөнделген екен. Мекеме есіктерінде олқылықтар бар. Әрине, мүмкіндігі шектеулі жандарға нысан 100 пайыз қолжетімді деп айтуға әлі ерте. Бірақ біраз нәрсе атқарылғанын мойындау керек, – деді Гүлнәр Халықова.

Комиссия тарапынан аудандағы өзге де әлеуметтік нысандардың басшыларына мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автотұрақ, пандус, қызметкерлерді шақыру қоңырауы, бағыттаушы белгілер, арнайы дәретхананың болуы түсіндірілді. Тексеріс нәтижесінде бірқатарына ескерту беріліп, олқылықты жою айтылды.

Мониторингтік топ мүшелері бұған дейін Петропавлдағы әуежайда болғанын, алайда онда атқарылған жұмыстар комиссия өкілдерінің көңілінен шықпағанын айту керек. Анықталған кемшіліктерді жою үшін әуежай басшылығына тиісті ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта аманаттықтар жұмыс сапарымен басқа да аудандарды аралауды жоспарлап отыр.

Ілияс СӘБДЕНОВ,

“AMANAT” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp