«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бірнеше мәрте пара алған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық соты “Аг­рарлық несие корпорациясы” АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының дирек­то­рына қатысты үкім шығарды.

Ол ауыл шаруашылығы тауа­рын өндірушілерден арнайы тех­ника сатып алу және айналым қа­ражатын толықтыруға несие қа­рыздарын жеделдетіп бергені үшін 100 және 500 мың теңге мөл­шерінде бірнеше мәрте пара ал­ғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет ат­қару құқығынан өмір бойына айы­ра отырып, 7 жылға бас бостан­дығынан айыру түріндегі жаза та­ғайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айгерім ТАРИНА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp