«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жазушының баспа машинкасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шал ақын аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі бағалы жә­дігерлердің бірі – жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың “Olympia” бас­па машинкасы. Аталмыш жәдігер­ді жазушының қызы – Қазақстан­ның еңбек сіңірген қайраткері Алтын Иманбаева 2019 жылы та­быстаған.

Қоңыр жәшікке салынған бас­па машинкасы әлі күнге жарқы­рап, сырын да, сынын да берме­ген. Музей директоры Маржан Тау­шарованың айтуынша, 1994 жылы Повозочное ауылының При­ишимка орта мектебінде З.Иман­баевтың 70 жылдығына орай мұ­ражай ашылған болатын. Кейін бі­лім ордасы жабылған соң қалам­гердің құнды жәдігерлері қабылдау актісіне жазылып, қорда сақ­таулы тұр. Жалпы алғанда 160-тан астам бағалы дүние жазушының өмірінен сыр шертеді.

– Әкемнің бұл баспа машин­касын 1970 жылы аудан әкімшілігі сыйлаған еді. Орыс қаріпті. Жаз­ғандарына қазақ қаріптерін қайта теріп отыратын. Қателерін дұрыс­таған соң туындыларын облыстық, республикалық баспаларға жі­бе­ретін. Жемісін көзі қырақты оқырмандар көріп жүр. Бұл баспа машинкасы шығармашылығының шарықтауына себепкер болғаны анық, – деді жазушының қызы Ал­тын Иманбаева.

Қаламгердің шығармашылық жолына көз жүгіртсек, “Жазушы” баспасынан жарық көрген 1977 жылғы “Қыран түлегі”, 1985 жылғы “Ауыл түтіні” кітаптары осы баспа машинкада басылғаны күмән ту­дырмайды. Жәдігер сонысымен құнды.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp