«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Зауыт басшылары сотталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл ауыр машина жа­сау зауытының директорларына, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсыры­сы шеңберінде қозғалт­қыштар мен гидроблоктарды жеткізуді жү­зеге асырған кәсіп­керге қатысты қылмыстық іс тер­гелді, деп ха­бар­лады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

2022 жылы зауыт Қорғаныс ми­нистрлігінен әскери техниканы жөн­деуге тапсырыс алғаны анық­талды. Оны орындау кезінде жеке кәсіпкермен жалпы сомасы 283,3 млн. теңгеге қосалқы бөл­шектер жеткізуге шарт жасалған.

Орындалған жұмыстар акті­ле­ріне кедергісіз қол қойғаны және шартты орындау кезінде жал­пы қамқорлығы үшін бас ди­ректор атқарушы директор арқы­лы кәсіпкерден 100 мың АҚШ дол­лары (45 млн. теңге) сома­сында пара алған.

Сот зауыттың бұрынғы бас ди­ректорын аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін он бір жылға, атқа­рушы директорын төрт жылға бас бостандығынан айырды.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp