«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІКТІ МАМАН ТАПШЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының адам ресурстарын басқару орталығында әкімдік аппараттарының, мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтерінің басшыларының қатысуымен семинар өтті.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Дулат Тайшабай кездесуге қатысушыларға “ҚР мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы” Президент Жарлығының негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Өзгерілетін жағдайларға бейімделуге және мемлекет алдында тұрған міндеттерді тиімді шешуге қабілетті заманауи, тиімді және ашық мемлекеттік қызметті қалыптастыруға бағытталған жоспарланатын іс-шаралар туралы айтты. Департамент басшысы еңбек ұжымдары тұжырымдамаға мұқият мән беру керектігін қадап айтты.

Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Гүлнар Жусалина мемлекеттік қызмет саласындағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуы туралы хабардар етті. Мәселен, облыста меритократия қағидатын сақтау деңгейі 76,5 пайызды құрады. Бұл – жақсы нәтиже. Өйткені ішкі конкурс негізінде 26 мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды. Мемлекеттік органдар білікті кадрлардың кетуіне жол бермеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. “Е-қызмет” БАЖ-да жеке істерді қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға, кемшіліктерге назар аударылды. Мониторинг мәліметтері бойынша құжаттардың 98,7 пайызы электрондық жүйеге енгізілген.

Департаменттің бас маманы Абылайхан Ақанов мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттерін арттыру, кадрларды оқыту және қайта даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Кездесу барысында “Е-қызмет” біріктірілген ақпараттық жүйесінде “Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурстарды іріктеу мен өткізудің уақытша қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібі түсіндірілді. Осы бағыттағы жұмыс тәжірибесімен Мамлют ауданы әкімдігінің персоналды басқару қызметі басшысының міндетін атқарушы Жанар Ескендірова бөлісті.

Жиын барысында Дулат Қаратайұлы мемлекеттік қызметтегі бос орындарға назар аударды, әкімдік аппараттарының басшыларына университеттер түлектерін тарту, сондай-ақ халықты әлеуметтік желілер арқылы бос орындар туралы кеңінен хабардар ету “Е-қызмет” ашық порталында конкурстар өткізу керектігін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметке жас кадрларды тарту, сол арқылы бос лауазымдардың санын азайту, тағылымдамаға жолдама беру бойынша жұмысты күшейту және мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыру, мемлекеттік органдарға келісімшарт бойынша қызметшілерді тарту ұсынылды.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp