Қала тұрғындары үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарынан дайын құжаттарды үйге дейін жеткізу жобасы іске асырылды. Клиенттерге құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ, оларды курьер ыңғайлы уақытта және қажетті мекенжай бойынша әкеліп береді.
Айта кетейік, сервис танымал мемлекеттік қызметтердің 144 түрі бойынша қолжетімді. Олардың ішінде мұрағаттық анықтамалар, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың телнұсқаларын, әскери билеттер мен олардың телнұсқаларын, есірткі және психспансерден, неке қию және бұзу туралы анықтамаларды беру және тағы басқалар бар.
Жеткізу үдерісі барлығына қолжетімді. Клиент дайын құжаттарды express.gov4c.kz порталы арқылы жеткізуді ресімдеу ұсынысымен “1414” қызметінен SMS алады. Жеткізуге өтінімді ресімдеу кезінде клиентке сауалнамалық деректерді толтыру, жеткізу мекенжайы мен телефонын көрсету қажет. Содан кейін құжаттарды жеткізу үшін төлем жасау керек. Нақты уақыт режімінде курьерді қадағалап, онымен Яндекс GO мобильді қосымшасы арқылы байланыс орнатуға болады. Егер пайдаланушыда қосымша орнатылмаған болса, онда ол SMS арқылы сілтемесі келетін карта виджетінде бақылай алады.
Азаматтар Петропавл қалалық №1, №2, №3 халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде дайын құжаттарды жеткізуге тапсырыс бере алады.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.